Қазақстанның Экономикасы

2018 жылғы қаңтар-тамыздағы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама
(2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда)

1. Жалпы макрокөрсеткіштер

Алдын ала бағалау бойынша 2018 жылғы қаңтар-тамызда ЖІӨ-нің өсуі 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ды құрады.
6 негізгі саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,5%-ды құрады.
Инфляция жыл басынан бастап (2017 жылғы желтоқсанға қарағанда 2018 жылғы тамызда) 2,9%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 2,3%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 3,6%-ға және ақылы көрсетілетін қызметтердің бағалары 3,0%-ға өсті.
Жылдық мәндегі инфляция 2017 жылғы тамызда 7,0%-ға қарағанда 6,0%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 5,1%-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 8,2%-ға, ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы – 4,9%-ға өсті.
Айлық инфляция ағымдағы жылғы тамызда 0,2% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 21,4%-ға (қаңтар- шілдеде 23,7%, 2018 жылғы қаңтар-маусымда 25,8%,) ұлғайды.
Салалар бөлінісінде инвестициялардың елеулі өсуі жылжымайтын мүлікпен жасалған операцияларда (37,5%-ға, 744,5 млрд. теңгеге дейін), өнеркәсіпте (32,7%-ға, 3 316,5 млрд. теңгеге дейін), көлік саласында (20,0%-ға, 721,2 млрд. теңгеге дейін) байқалады.
Орташа айлық номиналды жалақы 2018 жылғы қаңтар-тамызда (бағалау) 157,9 мың теңгені құрады және номиналды мәнде 8,7%-ға, нақты мәнде 2,3%-ға ұлғайды.
Жұмыссыздық деңгейі 2018 жылғы тамызда (бағалау) 4,9%-ды құрады.

2. Экономика салаларындағы ахуал

2018 жылғы қаңтар-тамызда саудада (5,8%-ға), көлік саласында (4,8%-ға), өнеркәсіпте (4,7%-ға), байланыста (4,5%-ға), ауыл шаруашылығында (2,4%-ға) және құрылыста (0,8%-ға) өсудің оң серпіні байқалды.
2018 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,7%-ға ұлғайды. Өнеркәсіптің өсуіне шикі мұнай, табиғи газ, темір кен және химия өнеркәсібі елеулі әсер етті.
Темір кенін өндірудің – 7,3%-ға, табиғи газ өндірудің 5,9%-ға және шикі мұнай өндірудің – 5,3%-ға өсуі есебінен кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде өндіріс 4,9%-ға ұлғайды.
Машина жасау – 16,0%-ға, қағаз және қағаз өнімдерін өндіру-10,3%-ға, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру – 9,3%-ға, темекі өнімдерін өндіру – 8,5%-ға, жиһаз өндіру – 5,2%-ға, қара металлургия – 4,8%-ға және мұнай өңдеу – 4,5%-ға өсуі есебінен өңдеу өнеркәсібінде 4,8%-ға ұлғаю орын алды.
Фармацевтика өнімдерін өндіруде 2,5%-ға, сусындарды өндіруде 0,8%-ға  және өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіруде 1,5%-ға төмендеу байқалуда.
Электр энергиясын өндіру көлемінің 6,0%-ға ұлғаюы есебінен электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа 3,9%-ға өсті.
Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі 1,9%-ға төмендеді.
Көлік қызметтерінің көлемі 4,8%-ға өсті. Байланыс қызметтерінің көлемі 4,5%-ға ұлғайды. Бөлшек және көтерме сауда көлемі 5,8%-ға өсті.