ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінде Қазақстанның экономика және қоршаған орта комитетіндегі төрағалығы жоғары бағаланды

Ү.ж. 20 желтоқсанда ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің биылғы қорытынды отырысында  Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта комитетінің төрағасы ретінде комитеттің жұмысы жайында есеп берді.
Қ.Сарыбай экономика және қоршаған орта өлшемнің кемеңгер әлеуетін жүзеге асыруға және ү.ж. 6-7 желтоқсанда Миланда ЕҚЫҰ Министрлер Кеңесінде қабылданған Адам капиталы туралы шешімі мен Цифрлық экономика туралы декларация бүкіл ұйым жұмысына серпін беретінін мәлімдеді. Бұл өз кезегінде 2010 Астана саммиті барысында қабылданған декларацияда белгіленгендей, Ванкувер мен Владивосток арасында қауіпсіздік қауымдастығын ілгерілету мақсатына сәйкес келеді.

Сондай-ақ, биыл комитет жұмысында жасыл даму, өңірлік интеграция, Еуразиядағы транспорттық дәліздер, дағдарыс аумағындағы қоршаған орта мен ақылды қала тақырыптарына қоса тұңғыш рет қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлықпен күрес, әйелдер мен жастардың экономикалық қатысуы мен су басқару мәселелеріне қатысты үздік тәжірибелермен бөлісу туралы ерікті баяндама жасау үдерісіне назар аударылды.
Отырыс барысында сөз алған ЕО, Ресей, Швейцария, Түркия, АҚШ, Беларус, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Словакия, Тәжікстан және Түрікменстан делегациялары Қазақстанның екінші комитеттегі төрағалығын жоғары бағалады және комитет төрағасының Экономика және қоршаған орта туралы екі құжаттың қабылдануына байланысты қосқан жеке үлесі үшін алғысын білдірді.
ЕҚЫҰ-дағы делегациялар, экономика және қоршаған орта өлшемінің әлеуеті мен өзара байланыстықты ілгерілету арқылы, Еуропадағы қауіпсіздік дағдарысын реттеу бойынша үдеріске өз үлесін қоса алатынына қатысты ортақ пікірде болды.
Словакия делегациясы 2019 жылы ұйымға төрағалығы барысында Қазақстанға екінші комитеттегі төрағалығын жалғастыруға өтініш білдірді.

Embassy of the Republic of Kazakhstan

Permanent Mission of the Republic of Kazakhstan to the International
Organizations in Vienna

Address

Prinz-Eugen-Straße 32
1040, Vienna
Austria

Contact Us

Phone: +43 (1) 890 80 08 10
Fax: +43 (1) 890 80 08 20

Consular Section

Phone: +43 (1) 890 80 08 35 / 14
Monday, Tuesday, Thursday, Friday
9.30 - 12.00