Люблянада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өтті

2018 жылы 12 желтоқсанда Люблянада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өтті. Оған Словенияның Үкімет өкілдері, жергілікті өңірлердің басшылығы, іскер топтары, ғалымдар, Словенияда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері, Қазақстанның Словениядағы құрметті консулдары қатысты.
Іс-шараның ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Елшісі (резиденциясы Вена қаласында) Қайрат Сарыбай 26 жыл ішінде достық пен ынтымақтастық негізінде Словения мен Қазақстан саяси диалогты, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты прогрессивті түрде дамыту үшін берік іргетасы қаланғанын айтты.

Сонымен бірге, жоғары деңгейдегі сапарлар екі елдің арасында ынтымақтастықты кеңейтуге маңызды серпін бергендігі ерекше атап өтті.
Елші Словенияның саяси, мәдени және іскерлік топтарының Қазақстанмен ынтымақтастыққа деген қызығушылығының артып келе жатқанын және Марибор мен Ново-Горица қалаларындағы ҚР Құрметті консулдары іскерлік ынтымақтастықты дамыту үшін нақты жобаларға белсенді түрде қатысып келетінін, сондай-ақ, Қазақстан-Словения бизнес клубының ұйымдастыруымен және қолдауымен бірқатар бизнес делегациялар Астанаға жасаған сапарлары туралы айтты.
Қазақстан дипломаты екі елді Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында фашизмге қарсы шайқасқан словен және қазақ жауынгерлері туралы тарихи естеліктер байланыстыратынын хабарлады. Трново қаласында Кеңес жауынгерлеріне арналған Мемориал орнатылған және онда қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің есімдері еске алу тақталарында енгізілген. Ал Повир елді мекенінде зираты орналасқан 1943 жылы қаза тапқан қазақ жауынгері «Касссе Себероны» еске алу шараларын ұйымдастырудағы ынтымақтастық үшін словен халқына алғысын білдірді.
13 желтоқсанда Қ.Сарыбай СР Ұлттық Ассамблеясының Вице-Президенті Тина Хеферлемен және СР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Симон Лесковармен келіссөздер жүргізді. Онда екіжақты, көпжақты, өңірлік және парламентаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.


Келіссөздер барысында екі елдің арасындағы шарттық-құқықтық базасы және екіжақты ынтымақтастықты жандандыру салалары анықталды. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның маңызды рөлін және екі елдің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде саяси консультациялар тетігін атап өтті.

ҚР Венадағы Елшілігі

Embassy of the Republic of Kazakhstan

Permanent Mission of the Republic of Kazakhstan to the International
Organizations in Vienna

Address

Prinz-Eugen-Straße 32
1040, Vienna
Austria

Contact Us

Phone: +43 (1) 890 80 08 10
Fax: +43 (1) 890 80 08 20

Consular Section

Phone: +43 (1) 890 80 08 35 / 14
Monday, Tuesday, Thursday, Friday
9.30 - 12.00