Венада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне күніне арналған салтанатты жиында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы таныстырылды және «Тар Заман» көркемсуретті фильмі көрсетілді

Ү.ж. 10 желтоқсанда Венадағы Қазақстан Елшілігінде Аустрияда тұрып жатқан, Халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары, студенттер мен диаспора өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшісі – Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай кездесудің ашылуында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің ролі мен Тәуелсіздігімізді нығайтуға үлес қосып келе жатқан Елбасының сыртқы және ішкі саясаты туралы қатысушыларға ақпарат ұсынды.

Сонымен бірге, Елшіліктің Аустрия мен Словениядағы жұмысы туралы және БҰҰ, АЭХА, ЕҚЫҰ іспеттес Венада орналасқан халықаралық ұйымдардың шеңберіндегі жұмысы мен жобаларына назар аударды. Қ.Сарыбай өз баяндамасында жуырда жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты Н.Назарбаевтың мақаласының мазмұнымен таныстырып өтті.
Өз кезегінде Вена қаласындағы Қазақ мәдени орталығының төрағасы Сажит Әлі Нығмет Қазақстан Президентінің халықаралық сахнадағы беделі мен Қазақстанның салиқалы сыртқы саясатына назар аудара келе, шет елдердегі қазақ диаспорасы Елбасыны мақтан тұтатынын айтты және ол ұсынған даңғыл жолға нақты үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді.
Салтанатты жиын биыл көгілдір экранға шыққан, бір ғасыр бұрын азаттық үшін күрескен Алаш Орда қозғалысы туралы «Тар Заман» көркемсуретті фильмнің көрсетілуімен жалғасын тапты.
Еуропа төрінде өткізілген бұл жиын елден жырақта жүрген Аустриядағы қазақ қауымдастығының рухын жаңғыртып, Қазақстандағы соңғы ахуалмен танысуға жақсы мүмкіндік сыйлады.

Қазақстанның Аустриядағы Елшілігі

Embassy of the Republic of Kazakhstan

Permanent Mission of the Republic of Kazakhstan to the International
Organizations in Vienna

Address

Prinz-Eugen-Straße 32
1040, Vienna
Austria

Contact Us

Phone: +43 (1) 890 80 08 10
Fax: +43 (1) 890 80 08 20

Consular Section

Phone: +43 (1) 890 80 08 35 / 14
Monday, Tuesday, Thursday, Friday
9.30 - 12.00