ҚР Энергетика Министрі ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы бесінші Министрлік кездесуіне қатысты

2018 ж. 7 желтоқсанда ҚР Энергетика Министрі Қ.Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация ОПЕК мүше мемлекеттері мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы Бесінші министрлік кездесуіне қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған бірлескен шараларды талқылады және 2019 жылы мұнай өндіру көлемін 1,2 млн. барр./күн төмендетуге қол жеткізді. Ол өзі әрбір ОПЕК мүше мемлекеттер үшін өндіруді 2,5%-ға және ОПЕК-ке кірмейтін елдер үшін, оның ішінде Қазақстан, 2%-ға қысқартуды құрайды.
Бесінші министрлік кездесуге ОПЕК мүше мемлекеттерімен бірге Қазақстан, Әзербайжан, Алжир, Ангола, Бахрейн, Бруней, Габон, Малайзия, Мексика, Оман, Өзбекстан, Ресей, Судан, Эквадор, Оңтүстік Африка мен Оңтүстік Судан қатысты.

ОПЕК мүше мемлекеттері мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер бас қосып дүниежүзілік мұнай нарығын тұрақтандыруға және инвесторлардың мұнай индустрияға сенімдерін қалпына келтіру барысында өз үлестерін қосты. Мұнай саласы еліміздің экономикасында маңызды рөл атқаратынына байланысты дүниежүзілік мұнай нарығын тұрақты сақтау Қазақстанның мүдделеріне сай келеді.

ҚР-дың Венадағы ТӨ-гі

Embassy of the Republic of Kazakhstan

Permanent Mission of the Republic of Kazakhstan to the International
Organizations in Vienna

Address

Prinz-Eugen-Straße 32
1040, Vienna
Austria

Contact Us

Phone: +43 (1) 890 80 08 10
Fax: +43 (1) 890 80 08 20

Consular Section

Phone: +43 (1) 890 80 08 35 / 14
Monday, Tuesday, Thursday, Friday
9.30 - 12.00