Оңтүстік Қазақстан облысы мен Каринтия арасындағы энергетика саласындағы қарым-қатынас

Ү.ж. 30 шілдесінде Каринтия Федералды жерінің үкімет басшысы Петер Кайзер Қазақстаннан келген бес маманға салтанатты түрде сертификаттар берді. Осы күні Каринтия Федералды жеріне жұмыс сапарымен барған ҚР-ның Аустриядағы Елшісі Қ.Сарыбай аталған салатанатқа қатысты.

2016 жылы 29 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы мен Каринтия Федералды жері арасында Меморандумға қол қойылған болатын және Астана қ. өткен ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында Каринтия мен Оңтүстік Қазақстан облысы басшыларының арасында экономикалық, мәдени салаларды және аймақтық қарым-қатынастың дамуына қолдау көрсету мақсатында кездесу өтті. Меморандумдағы жобалардың біріне және кездесуде қол жеткізген уағдаластыққа сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика салаласының бес жас мамандары Каринтияның озық энергетикалық кәсіпорындарындағы жаңа технологиялармен танысу мақсатында біліктілігін арттыру тағылымдамасынан өтті. Бұл, өңірлік ынтымақтастықты дамытуда бірегей жоба болып табылады.
Каринтияда жаңартылатын және энергия үнемдейтін технологиялардың үлесі 52% құрайды және Каринтия осы бағыт бойынша Аустрияда ғана бірінші болып қоймай Еуропа одағы елдерінде алдыңғы қатарда келеді. П.Кайзер жаңартылатын энергия көздері Каринтияда ең табысты компоненттердің бірі екенін және бұл жобаға көмек көрсеткен озық энергетикалық компанияларға өз алғысын білдірді. Сонымен бірге, П.Кайзер Түркістан облысымен бұдан да басқа жаңа бірлескен жобалардың жүзеге асыратынына сенімін білдіре отырып, халықаралық байланыста Қазақстанды сенімді серіктесі ретінде танитынын хабарлады.
Қ.Сарыбай, Қазақстан мен Каринтия арасындағы ынтымақтастық пен қарым-қатынастың дамуына үлкен мән беретіні және Каринтиямен жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан екіжақты өңірлік қарым-қатынастары туралы баяндады. Қазақстандықтардың тағылымдамадан өту кезінде аустриялық фирмалардың озық технологиялармен танысуы ҚР-да «жасыл технологияларды» енгізуде және дамытуда аустриялық әріптестерімен тікелей байланыс орнатуға ықпал ететінін айтты. Сертификат алушылар екі өңір арасындағы қарым-қатынастың басқа да салалары, атап айтқанда білім, спорт және мәдениет салаларында байланыстырушы буын болып қалатынын қоса жеткізді. Елші, осы бірлескен жоба бойынша атқарылған іс-шаралар және Каринтиямен орнатылған серіктестік үшін алғысын білдіре отырып, П.Кайзерге Түркістан облысы Әкімінің Қазақстанға шақыруын жеткізді.