«Қазақстанның Вена қаласындағы Тұрақты Өкілі халықаралық қоғамдастыққа Астанадағы Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнін бірлесіп атап өтуге шақырды»

Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай бастаған Қазақстандық делегациясы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ)
2018 жылғы 2-4 шілде кезеңінде Вена қаласында өткен Дайындық комиссиясының 50-ші отырысына қатысты.

Отырыс барысында Қазақстанның Тұрақты Өкілі сөйлеген сөзінде 2018 жылғы 29 тамыз күнінде ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күніне орай Қазақстан Республикасы Президент Нұрсұлтан назарбаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Семей ядролық сынақ полигоны жабылған күні Қазақстанда өтетін ЯСЖТШ-ның Жастар тобының және Белгілі қайраткерлер тобының Халықаралық конференциясына қатысуға шақырды.
Конференция Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ядролық қарусыз әлемге және ЯСЖТШ-ны әмбебаптауға қол жеткізу үшін антиядролық бастамаларын жүзеге асыруға бағытталған. ЯСЖТШҰ Атқару хатшысы Л.Зербо, ЯСЖТШ-ның Белгілі қайраткерлер тобы мүшелері БҰҰ Бас директорының бұрынғы орынбасарлары Д.Данапала мен Н.Абэ, БҰҰ Бас директорының қарусыздану жөніндегі бұрынғы жоғары өкілі А.Кейн, Ұлыбританияның бұрынғы қорғаныс министрі Д.Браун, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының бұрынғы төрағасы К.Мутттонен, сондай-ақ ЯСЖТШ Жастар тобының мүшелерінің конференцияға қатысуы күтілуде.

Қосымша ақпарат:
ЯСЖТШҰ Атқарушы хатшысы Л.Зербоның бастамасы бойынша Белгілі қайраткелер тобы, саясаткерлер мен халықаралық сарапшылардан тұратын, және дүниежүзіндегі студенттік жастардың өкілдерін қамтитын Жастар тобы ядролық сынақтарға әмбебап тыйым салуды алдын-ала насихаттауға, ЯСЖТШ-ға әлі қол қоймаған және ратификацияланмаған елдерге әсер ету мақсатынмен құрылды.