Қазақстан-Аустрия: Біріккен Ұлттар Ұйымындағы қарым-қатынасқа, Еуропалық одақтың жаңа стратегиясына, «жасыл технологияларға» және цифрландыруға назар аудару

Вена қ., 15 мамыр 2018 жыл. БҰҰ және басқа да халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимыл мәселелері, Орталық Азиядағы жаңа ЕО Стратегиясын әзірлеу, сондай-ақ «жасыл технологиялар» және цифрландыру саласындағы ынтымақтастық Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенконың жұмыс сапарының басты бағыты болды.

Аустрия СІМ-нің Бас хатшысы Михаэль Линхартпен кездесу барысында көпжақты және екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Тараптар екі елдің халықаралық құрылымдардағы бастамаларын өзара қолдаудың қолданыстағы тәжірибесін оң бағалады. Бұл қолдаудың дәлелі Аустрияның 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан Республикасының кандидатурасын қолдауы, Қазақстанның Аустрияның 2017 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығына өтінішін және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2027-2028 жж. мүшелігіне қолдауы көрсету.
2015 жылы желтоқсанда Астанада қол қойылған Аустрия мемлекетімен ратификацияланған (жалпы алғанда 23 ЕО мемлекеттері) Еуропалық Одақпен серіктестікті кеңейту және ынтымақтастық туралы Келісім қосымша мүмкіндіктерді ашады. Сондай-ақ 2018 жылдың екінші жартысында Еуропалық Одақтың алдағы аустриялық төрағалығы, оның басымдықтарының бірі ЕО-ның Орталық Азия бойынша стратегиясын жаңарту үдерісінің жалғасы болады.
Аустрияның цифрландыру және экономика федералдық министрлігінде осы ведомствованың Вице-министрі - Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның аустриялық бөлімінің тең төрағасы Бернадет Гирлингер ханыммен кездесу өткізілді. Тараптар екі жақты экономикалық өзара іс-қимылды дамытудың нақты бағыттарын және осы үдерістің қазақстандық-аустриялық үкіметаралық комиссия тарапынан қосқан үлесін талқылады. Оның қазақстандық тараптан тең төрағасы Р.Василенко болып табылады.
Екі жақты экономикалық ынтымақтастық саласындағы бір-бірін өзара тиімді серіктес ретінде қарастырылатынын атап өтті. Аустрия Республикасы Қазақстаннан энергияны жеткізуде құштар. Қазақстан үшін, ең алдымен, Аустрияның алдыңғы қатарлы аустриялық технологиялары мен ноу-хауында, соның ішінде Аустрияда цифрландыру саласындағы тәжірибесіне қызығұшылық танытуда.
Аустрияның «жасыл технологиялар» саласында айтарлықтай тәжірибесі бар компанияларының EXPO-2017 көрмесіне белсенді қатысуы өзара тиімді әріптестікті жүзеге асыру үшін жақсы негіз болды. Оның одан әрі дамуы 27 маусымда Астанада елорданың 20 жылдық мерейтойы аясында «Аустриялық технологиялар тұрақты дамуға қызмет ету» тақырыбында Аустрия өңірлерінің форумын өткізуі болады.
Сол күні Венадағы БҰҰ Өкілдігінің ғимаратында Р.Василенконың және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) жауапты хатшысы Лассин Зербоның бірлескен брифингі өтті. Брифинг барысында Қазақстанда 29 тамыз Жастар тобынын және әйгілі ЯСЖТШҰ қайраткерлердің халықаралық конференциясы өтетінің жарияланды.
Конференция Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу үшін антиядролық бастамаларын жүзеге асыруға бағытталған, сондай-ақ ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салуды және жаһандық ядролық қарусыздану мен таратпау үдерісіне біздің еліміздің қосқан үлесін таратуды насихаттау.
Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінде Р.Василенко Президиум мүшелерімен, Аустрия-Қазақстан Қоғамының Басқармасымен және ҚР құрметті консулдары қатысуымен кездесу өтті.
ҚР Президентінің Жолдауында жарияланған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» экономикалық реформалар кездесудің негізгі тақырыбы болды. Өз баяндамасында министрдің орынбасары негізгі құжаттардың негізгі ережелеріне тоқтады, Қазақстан мен Аустрия арасындағы ынтымақтастықтың дамуына баға берді, ол өткен жылы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толғанын
және де екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың келешегі зор екендігін атап өтті.
Аустриялық қатысушылар, аустриялық фирмалар алдыңғы қатарлы технологиялар мен заманауи инновацияларға ие болғандықтан, Қазақстандағы «Қазақстанның үшінші модернизациясы» аясында жүзеге асырып жатқан нақты жобаларға қатысуына мүмкіндігі бар екенін айтты.
16 мамырда қазақстандық дипломат ЕҚЫҰ конференциясының «Жаһандық әлемдегі тиімді көп жақты көзқарас - Еуропа мен Азия мысалдары» аясында өткізілетін іс-шараларға қатысады. Конференцияның ұйымдастырушылары Аустрия Сыртқы істер министрлігі және ЕҚЫҰ Хатшылығы.