Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына қатысты өткізілген іс-шара

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 73-жыл толуына, сондай-ақ фашистік концлагерден тұтқындарды босатуына орай 2018 жылдың 6 және 9 мамында Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшілігінің қызметкерлері Кеңестік азат етуші-жауынгерлерге арналған «Маутхаузен» мемориалдық кешеніндегі және «Шварценберг» алаңындығы ескерткіштеріне гүлшоқтарын қою салтанатына қатысты.

1945 жылдың сәуір айында аустрия астанасы үшін шайқаста 14 мыңнан астам бұрынғы КСРО-дағы барлық ұлттардан тұратын кеңес солдаттары мен офицерлері қаза тапты. Ұлы Отан соғысының соңғы аптасында Аустрия аумағында қаза тапқан мыңнан астам қазақстандық жауынгерлер жерленген. Сол кезеңдегі даңқты және қайғылы оқиғалар жыл сайын тарих тереңіне кетіп барады, алайда, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін қиған ардагерлеріміздің есімдері біздің мәңгі есімізде сақталады.