Қазақстан өкілдерінің «Art Circle» симпозиумына қатысуы туралы (Горишка Брда/Словения)

2018 жылы 20 мамырда Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшісі Қ.Сарыбай Словенияның Горишка Брда аймағында «Art Circle» бейнелеу өнерінің Халықаралық симпозиумына қатысты.
«Art Circle» симпозиумы Горишка Брда муниципалды билігінің ұйымдастыруымен, сондай-ақ шығармашылық және іскерлік топтардың спонсорлық қолдауымен жыл сайын өтетін халықаралық жоба. Симпозиумға Қазақстан, Мажарстан, Германия, Испания, Италия, Польша, Ресей, Словакия, Франция, Хорватия, Чехия және Жапония суретшілер қатысты. Біздің елміздің өнерін түрлі заманауи суретшілер буындары таныстырды және олардың қатысуын «Құланшы» заманауи өнер орталығы ұйымдастырған.

Ағымдағы жылы Словения Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Карл Эрьявец мырза жергілікті өнімдердің экспортын ілгерілету мақсатында Словенияда аккредитацияланған дипломатиялық өкілдіктердің басшыларын Горишка Брда аймағына шақырды. Словения осындай мәдени іс-шаралар арқылы өздерінің экономикалық мүдделерін ілгерілетуді тәжірибеге айналдырған. Дәл осыған байланысты Словенияның сыртқы саясат мекемесінің басшысы «Art Circle» симпозиумында қатысушылар алдында сөз сөйледі.
Жұмыс сапары аясында Елшінің Нова-Горица қаласының мэрі Матэй Арчонмен кездесуі және былтыр мамыр айында ашылған «Қазақстанның өнер Елшілігінде» (Art Embassy) ҚР Нова-Горица қаласындағы Құрметті консулы Д.Пициганың ұйымдастыруымен жергілікті іскер топтары мен БАҚ өкілдеріне арналған қабылдау өтті.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыртуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» пен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» туралы Қазақстан халқына жолдауындағы негізгі қағидаларымен таныстырды, және де екі елдің екіжақты қарым-қатынастарының ағымдағы ахуалы туралы хабарлады.