«Қазақстан және Аустрияның Тұрақты Өкілдіктері Венадағы Тұрақты Өкілдердің, халықаралық ұйымдардың басшылығының және сарапшылық қауымдастықтың қатысуымен семинар өткізді»

2018 жылғы 23 сәуір – 4 мамыр аралығында Женева қаласында өтетін Ядролық қаруды тараптау туралы шартының (бұдан әрі – ЯҚТШ) 2020 жылғы Шолу конференциясына Дайындық комитетінің екінші отырысына дайындық мақсатында Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігі Аустрияның Тұрақты Өкілдігімен бірлесіп БҰҰ Венадағы бөлімшесінде ЯҚТШ шолу циклі мәселелеріне арналған семинар ұйымдастырды.

Белгілі халықаралық сарапшы, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты Ұйымының (ЯСЖТШҰ) консультанты, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Бас директорының бұрыңғы арнайы кеңесшісі Тарық Рауф негізгі баяндамашылардың біреуі болып семинардың жүргізушісі ретінде қатысты. Сондай-ақ, ЯҚТШ Шолу конференциясына Дайындық комитетінің екінші отырысының төрағасы Адам Бугайски баяндама жасады.
Аустрияның, Аргентинаның, Мысырдың, Еуропа Одағының, Қазақстанның, Мексиканың, Нидерландтың, Ресейдің, Францияның Швейцарияның, Жапонияның Тұрақты Өкілдері және АЭХА мен ЯСЖТШҰ жоғары қызметтегі өкілдері семинардың баяндамашылар ретінде қатысты. Талқыланған мәселелер қатарында ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау, бейбіт мақсатта атом энергиясын пайдалану, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Бірлескен Кешенді іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру перспективалары, Таяу Шығыстағы жаппай қырып-жою қаруынан босатылған аймақты құру, сондай-ақ Корей түбегінің ядролық қарусыздану мүмкіндігі болды.
Өз сөзінде ҚР Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай еліміздің жаһандық ядролық қарусыздану мен таратпау режимін күшейтуіне бағытталған үлесін, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды бастамаларын, соның ішінде Семей сынақ полигонын жабылуын, Орталық Азияда ядролық қарусыз аумағын құруын, БҰҰ Бас Ассамблеясының Ядролық қарусыз әлемге жету бойынша жалпыға бірдей декларациясы туралы қарарын қабылдауын, «АТОМ» жобасын, Манифест «Әлем. XXI ғасыр», ҚР-да АЭХА Төмен байытылған уран банкін құруын және ү.ж. 18 қаңтардағы Елбасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде жаппай жою қаруын таратпау және сенім шараларын күшейту мәселелері бойынша тақырыптық брифинг нәтижесінде баяндамасын атап өтті.
Қазақстан мен Аустрия ұйымдастырған семинар Венадағы дипломатиялық қоғамдастық пен халықаралық ұйымдардың назарын кеңінен тартты. Қызу және қызықты пікірталас барысында қатысушылар ядролық қарусыздану, таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, Дайындық комитеті және алдағы 2020 ЯҚТШ Шолу конференциясының алдағы отырыстар жайында болжал және ЯҚТШ Шолу циклының болашағы туралы бағалаулар мен болжамдар білдірді.
Жалпы алғанда, өткен семинар ағымдағы жылы БҰҰ-ның Вена алаңындағы негізгі уақиғалардың бірі болып табылды.

ЯҚТШ-на 1968 жылы қол қойылып, 1970 жылы күшіне еніп,
1995 жылы белгісіз мерзімге ұзартылды. Шарт ядролық таратпау жаһандық режимінің іргетасы саналып, ядролық қарусыздануға жету жолындағы маңызды негіз болып табылады. ЯҚТШ-ның Шолу конференциялары БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде бес жылда бір рет өткізіледі, келесі конференция 2020 жылы өткізіледі. Шолу конференциясы алдында Дайындық комитетінің отырысы өтеді. Келесі отырыс 23 сәуір - 4 мамыр аралығында Женевада өткізіледі.