ҚР Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай БҰҰ ӨДҰ Бас директоры Ли Юнды ҚР Президенттің Қазақстан халқына жолдаудың мазмұнымен таныстырды

Ү.ж. 15 наурызда БҰҰ Венадағы бөлімінде ҚР Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбайдың БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымының (ӨДҰ) Бас директоры Ли Юнмен кездесуі өткізілді. Кездесу барысында Ли Юн 2018 ж. 10 қаңтардағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдаудың және 2018 ж. 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеудің негізгі қағидаларымен таныстырылды. Тараптар Қазақстан Ұлт Көшбасшысының жолдауы мен үндеудің қағидаларын жүзеге асыру мақсатында БҰҰ ӨДҰ-ның әлеуетін қолдануды талқылады. Соның ішінде ҚР ұлттық компаниялары үшін сандандыру және IT технологиялар жөніндегі мақсатты семинарларын ұйымдастыру, Қазақстанның көлік жүйесін дамыту мақсатында «Big Data» пайдалану, тұрғын ғимараттардың экологиялылық және энергиялық тиімділік жобаларын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтерін сандандыру және т.б.

Ли Юн Жолдау мен Үндеуде, сондай-ақ Стратегия-2050 және «Қазақстанның жаңғыруы 3.0» сияқты стратегиялық құжаттарда қамтып көрсетілген ҚР Елбасының данышпандығы жөнінде шаттануын білдірді. Сонымен қатар, Бас директор БҰҰ ӨДҰ-ның ынтымақтастықты одан әрі қеңейту қызығушылығын қайта растады.
Одан басқа, тараптар «Өнеркәсіптік жаңғырту және Қазақстан кәсіпорындарының бәсекелестігі» және «Қазақстанның стандарттарын, метрологиясын, сынақтарын және инфрақұрылым сапасын нығайту арқылы сауда әлеуетін өсіру» атты бірлескен жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ «Болашақ энергиясы» Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалары орталығының құрылуы мен қызметі шеңберінде әрекеттестік жүргізу мәселелерін талқылады.