Сыртқы істер министрі Вена дипломатиялық академиясының тыңдаушыларымен кездесті

АСТАНА, 2018 жылғы 2 сәуір – Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде министр Қайрат Әбдірахмановтың Вена дипломатиялық академиясының тыңдаушыларымен кездесуі өтті.
Топты Академия директорының бірінші орынбасары Сюзанне Кепплер-Шлезингер басқарды. Астана қаласы топтың Орталық Азия сапарында алғашқы тағайындалған пункті болып, содан кейін делегация Алматы мен Бішкек қалаларына баруы жоспарланған.

Кездесу барысында Министр Қ.Әбдірахманов қазақстандық дипломатияның қалыптасу ірі кезеңдерін, еліміздің сыртқы саясатының негізгі басымдықтары, сондай-ақ БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстанның төрағалығы шеңберіндегі қорытындылары туралы баяндады.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгершілік саясатына ерекше назар бөлінді. Сыртқы саяси ведомствоның басшысы Қазақстан және Аустрия арасындағы қарым-қатынастарын дамыту жөнінде және Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік басқару Дипломатия академиясының институтында Қазақстанның кәсіби дипломатиялық кадрларды даярлауы туралы әңгімеледі.
Министрдің айтуынша, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Вена дипломатиялық академиясы, соның ішінде бүгінгі күні өз тәжірибелерін іс жүзінде табысты қолданатын академияның көптеген қазақстандық түлектерінің арқасында,қазақстан-аустриялық қарым-қатынастарды дамытудың «достық көпірі» болып табылады.
Кездесу соңында Қ.Әбдірахманов болашақ дипломаттардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, Вена дипломатиялық академиясының тыңдаушылары Ресей мен Батысқарым-қатынастарының проблемалары, Сириядағы бейбітшілік процесінің келешегі, Қазақстанның Жаңа Жібек жолы жобасына қатысуы және Орталық Азиядағы аймақтық үдерістері бойынша алаңдаушылық білдірді.