ҚР Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігі БҰҰ Венадағы бөлімінде Наурыз мейрамын тойлайды

Ү.ж. 20 наурызда Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігі БҰҰ Венадағы алаңында Наурыз мейрамын дәстүрлі тойлауын өткізді. Бұл іс-шара Вена халықаралық орталығында Наурызды ұлттық мереке ретінде тойлайтын елдердің Тұрақты Өкілдіктерімен бірге ұйымдастырылды.

Фестивальдің ресми ашылуында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Венадағы бөлімінің Бас директоры Ю.Федотов құттықтау сөз сөйледі. Мерекеге БҰҰ мүше мемлекеттерінің ресми делегациялардың мүшелері, аккредиттелген Елшіліктер мен БҰҰ мүше мемлекеттердің өкілдері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, БҰҰ Венадағы бөлімінің қызметкерлері мен қонақтары, сондай-ақ Қазақстан мен басқа елдердің студенттері қатысты.
Іс-шара шеңберінде Тұрақты Өкілдік қонақтарға қазақ мәдениеті мен дәстүрлері туралы ақпараттық материалдар, қазақстандық музыканттардың туындылары қамтылған компакт-дискілер және т.б. қазақ кәдесыйлар ұсынылған мәдени-этнографиялық экспозицияны ұйымдастырды. Сонымен бірге, қонақтар наурыз көже, қуырдақ және бауырсақтың дәмін тата алатын қазақ ұлттық тағамдар үстелі де ұйымдастырылған болды.
Мейрамдық концертте Венада білім алып жатқан қазақстандық музыканттары Айдана Мадьярова (флейта) мен Жәңгір Жұбанов (скрипка) өнер көрсетіп, олардың шығармашылығы жұрт тарапынан жылы қабылданды.