Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Елшісі Қайрат Сарыбай Словенияның Президенті мен Премьер-министрі атынан қабылдауына қатысты

Ү.ж. 30-31 қаңтарда ҚР Словения Республикасындағы Елшісі (резиденциясы Вена қаласында, Аустрия) Қ.Сарыбай жұмыс сапарымен Любляна қаласына барып, Словения Республикасының (СР) Президенті Б.Пахор мен СР Премьер-министрі М.Церардың атынан дипломатиялық корпусқа арналған қабылдауға қатысты. «Брдо-при-Кранье» қорғанында өткен іс-шара барысында СР Президенті Словенияның сыртқы және ішкі саясаты, экономикасы және халықаралық бастамалары туралы баяндама жасады.

Қазақстандық дипломатпен қысқаша сұхбат барысында Б.Пахор Словения Президенті лауазымына қайта сайланғанына байланысты Қазақстан Президентінің жылы құттықтаулары үшін ризашылығын білдірді және Елбасымызға Словенияға сапармен келуге шақыруын растады.
Сапар барысында Елші Марибор мен Нова-Горица қалаларындағы Қазақстан құрметті консулдары Г.Шифрер және Д.Пицигамен жұмыс кездесуін өткізіп, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2018 ж. 18 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру жолдарды талқылады. Кездесуге Қазақстан-словен бизнес клубының Президенті Д.Штанцер де қатысты.
Сонымен қатар, сапар шеңберінде Елші Қ.Сарыбайдың «Цанкарев дом» атты Люблянаның ең үлкен мәдени орталығының басшыларымен кездесуі өткізілді. Оның барысында тараптар ынтымақтастық болашағын, оның ішінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған концерт пен басқа іс-шараларды өткізу мүмкіншілігін талқылады.
Қ.Сарыбай «Art-Embassy 2018» халықаралық жобаның үйлестіру кездесуіне қатысты. Оның мақсаты - өнер қайраткерлері мен Горишка Брда словен аймағы арасындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады.