«Қазақстандық сарапшылар мен ғалымдар ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауындағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі мақсатты жүзеге асыру үшін АЭХА лабораторияларының атом технологияларды ауыл шаруашылықта қолдану бойынша қызметімен танысты»

Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігінің бастамасымен ҚР Білім және ғылым министрлігі «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ветеринариядағы ұлттық референттік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мамандар мен ғалымдары Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Зайберсдорфтағы зертханаларының атом технологияларды ауыл шаруашылық, денсаулық сақтау және т.б. салаларында қолдану бойынша қызметімен танысу мақсатымен Аустрияға 2018 жылғы 5-6 ақпан кезеңінде сапармен келді.

Қазақстандық сарапшылар АЭХА өкілдерімен Агенттікпен ынтымақтастықтың жаңа перспективті бағыттарды талқылады. Себебі АЭХА өз жұмысында атом технологияларды тұрмыс деңгейін көтеруіне, тұрғындардың денсаулығын жақсартуына және мемлекеттердің тұрақты дамуына бағытталған қызметке айтарлықтай көңіл бөлуде.
Сапардың нәтижесінде Агенттікпен ынтымақтастық пен қазақстандық ғалымдарды АЭХА зертханаларына тағылымдамаға жіберу жайында уағдаластықтарға қол жеткізіп, мекемелер арасындағы тікелей байланыс орнатып, алдағы өзара ықпалдастықтың бағыттарын белгіледі.
Қазақстан үшін Агенттіктің зиянкестерді зарарсыздандыру, жұқпалы ауруларға қарсы вакциналарды шығару, сондай-ақ жануарларға қауіпті ауруларды диагностикалау бойынша озық технологиялардың қолдануы қызығушылық танытылуда.
Қазақстандық сарапшылардың АЭХА зертханаларына сапары
2018 жылғы 10 қаңтардағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыруға бағытталған болатын. Атап айтқанда Жолдаудың 3 мақсатының біреуі ауыл шаруашылық кешенін дамытуға бағытталған зиянкестермен және арамшөппен күресу үшін жаңа технологияларды қолдануы болып табылады.