«Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты Ұйымының (ЯСЖТШҰ) Атқарушы хатшысы Лассина Зербомен кездесті»

Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты Ұйымының (ЯСЖТШҰ) Атқарушы хатшысы Лассина Зербомен Венада 9 ақпанда кездесіп, Қазақстанның Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Атап айтқанда, 29 тамызда, Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының күні, ЯСЖТШҰ Жастар тобының және Белгілі қайраткерлер тобының конференциясының Қазақстанда өткізу мәселелері талқыланды.
Осы іс-шара ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ядролық қарусыз әлемге жету бойынша антиядролық бастамаларын жүзеге асыруына, ядролық сынақтарға жаппай тыйым салудың және еліміздің жаһандық ядролық қарусыздану мен таратпау үрдісіне теңдесі жоқ үлесінің маңыздылығын көпшілікке жеткізуіне бағытталған.
Сондай-ақ, кездесу барысында Ұйым Хатшылығының штатына қазақстандық мамандарды орналастыру мүмкіндіктері талқыланды.
Атқарушы хатшы Л.Зербо ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халықаралық бастамаларының өзектілігі мен маңыздылығына ерекше назар аударып, Қазақстанның Ұйымға көрсетіліп жатқан маңызды қолдау үшін ризашылығын білдіріп, еліміздің Вена алаңындағы белсенді қызметтерін жоғары бағалады.