Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламасы аясында өнер көрсеткен қазақстандық музыканттардың орындау шеберлігі Веналық өнер сүйер қауымын таң қалдырды

Қараша айының 30-ші жұлдызында Вена қаласындағы әйгілі «Konzerthaus» залында көрермендердің назарына, 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Елшілігі тарапынан Аустрия және басқа да еуропа елдеріне қазақ мәдениетін танымал ету мақсатында жүзеге асырып жатқан «Қазақстан інжулері – Ұлы Дала сарыны» атты жобасы аясында концерт ұсынылды.

2018 жылға арналған Жоба, Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күнінің 27 жылдығына орай мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.
Мерекелік кешке Аустрия парламентінің және Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Венада тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, Венадағы халықаралық ұйымдардың басшылары, Қазақстан Республикасының Құрметті консулдары, аустрия-қазақстандық қоғамының мүшелері, қазақ диаспорасының өкілдері, Аустриядағы қазақстандық студенттер бірлестігінің мүшелері, аустриялық қоғамдық-саяси және іскер топтары мен БАҚ қатысты.
Қонақтар, әлемдік музыкалық жауһарлары - И.С.Бах, Ф.Бузони, П.Чайковский, Д.Шостакович, сонымен қатар атақты қазақстандық классиктердің - Құрманғазы, Т.Қажығалиев және Ә.Әбдінұров шығармаларын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Мұсақожаеваның жетекшілігімен «Солисттер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрінің және де «Қазақстан інжулері» жобасына қатысушылар – көпшілікке танымал жас қазақстандық әртістерінің орындауында тамашалады. Қазақстандық музыканттардың орындау шеберлігі Веналық өнер сүйер қауымын таң қалдырды.
Концерттік бағдарлама аясында қонақтардың алдында сөйлеген сөзінде, Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшісі және Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі ең маңызды жетістіктерімен, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларымен, Қазақстанның Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен атап өтті.
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде атқарған ядролық, энергетикалық, су және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты және Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі аясында жарияланған әлемде бейбітшілікті сақтау үшін жаһандық бастамалары жұмысының нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Олардың жүзеге асырылуы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Вена алаңында және ЕҚЫҰ аясында белсенді жұмысы ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы мен Аустрия Республикасы арасындағы қарым-қатынастарының прогрессивті дамуы атап өтілді. Биылғы жылдың маңызды оқиғаларының бірі, 27 маусымда Астана қаласында, Елордамыз - Астананың 20-жылдық мерейтойына орайластырылған, Қазақстан және Аустрия компанияларының қатысуымен өткен «Тұрақты дамудағы Аустрия технологиялары» кездесуі болды.