Қазақстан Венада өтетін ЯСЖТШҰ Дайындық комиссиясының кезекті отырысында ядролық сынақтарға тыйым салуға халықаралық қауымдастықты қайта шақырды

2018 жылғы 7-9 қараша кезеңінде Вена қаласында өткен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартының Ұйымы Дайындық комиссиясының 51-отырысында Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігінің өкілдері қатысты.
Сессияда сөз сөйлеген Қазақстан делегациясы біздің еліміздің ЯСЖТШ-ны танымал ету жөніндегі атқарған жұмысын атап өтті, оның ішінде ү.ж. 29 тамызда - Семей ядролық сынақ полигоны жабылған күнінде және Қазақстанның Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ Бас ассамблеясы жариялаған Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнінде Қазақстанда ұйымдастырылған ЯСЖТШҰ Жастар тобы мен Белгілі қайраткелер тобының халықаралық конференциясы аталды.

Сонымен қатар, 2018 жылдың тамызында Алматы қаласында өткен ЯСЖТШ технологиясын бақылау және тексеру жөніндегі 10-шы халықаралық ғылыми-практикалық конференция, сондай-ақ «АТОМ Жобасының» Құрметті Елшісі, қазақстандық суретші К.Күйіковтың «Ядросыз болашақ 2018» сыйлығына ие болғаны да аталды.
Дайындық комиссиясы ЯСЖТШ Ұйымының жоғарғы органы болып табылады, оның отырыстары жылына екі рет өткізіледі және олардың барысында ЯСЖТШ-ға қатысты қарусыздану және таратпау мәселелері бойынша негізгі шешімдер қабылданады.


ҚР Вена қаласындағы
халықаралық ұйымдар жанындағы
Тұрақты Өкілдігі