ҚР Энергетика вице-министрі М.Мырзағалиев пен ОПЕК Бас хатшысы М.С.Баркиндо жаһандық мұнай нарығын тұрақтандыру мақсатындағы алдағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады

2018 жылы 7 қарашада ҚР Энергетика вице-министрі М.Мырзағалиев бастаған ҚР делегациясы ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттерге арналған жоғары деңгейдегі отырысқа қатысты.
Сапар барысында, М.Мырзағалиев ОПЕК Бас хатшысы М.С.Баркиндомен кездесуде Қазақстан мен ОПЕК арасындағы ынтымақтастықты талқылады. Бас хатшы ОПЕК-ке мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттердің  дүниежүзілік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған бірлескен шараларына Қазақстанның қатысу маңыздылығын атап өтті. Вице-министр сұхбаттасына Қазақстан ОПЕК-пен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға ниеті екеніне сендіріп, ҚР-ға ресми сапармен келуге шақырды.


Бірлескен отырыс барысында 2016 жылғы 10 желтоқсанда ОПЕК-ке мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы алғашқы Министрлік кездесуде қол қойылған мұнай өндіріс көлемін төмендету бойынша Келісімі шеңберінде дүниежүзілік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған алдағы бірлескен шаралар талқыланды.
Қазақстанның ОПЕК-пен ынтымақтастығы дүниежүзілік мұнай бағаларын тұрақты деңгейде сақтауға бағытталған ОПЕК-ке мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттердің бірлескен шараларына салмақты үлес қосты.

ҚР-дың Венадағы ТӨ-гі