«Қазақстандық суретші, «АТОМ Жобасының» Құрметті Елшісі Кәріпбек Күйіков Аустрияда «Ядросыз болашақ» сыйлығына ие болды»

Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Қайрат Сарыбай «Ядросыз болашақ» сыйлығының иегерлерін олардың ядролыққа қарсы қызметі жоғары бағаланғаны үшін құттықтап, Кәріпбек Күйіковтың марапатталануы - қарусыздандыру мен таратпау жаһандық үдерістерінде Қазақстанның рөлі және Мемлекетіміз басшысы Н.Назарбаевтың бастамаларының мойындалуының көрсетікіші болып табылады атап өтті.

Ү.ж. 24 қазанда, Зальцбург университетінде «Ядросыз болашақ» сыйлығының (Nuclear-Free Future Award – NFFA) марапаттау рәсімі аясында қазақстандық суретші, халықаралық ядролыққа қарсы қозғалысының белсендісі, «АТОМ Жобасының» Құрметті Елшісі Кәріпбек Күйіков марапатталды.
Қазақ өкілімен қатар, Аустралия, Ұлыбритания, Франция және Аустрияның өкілдері де сыйлықтын иегерлері болды.
Салтанатты рәсімнен кейін 25 қазанда Халықаралық ядролыққа қарсы симпозиум өткізіліп, оның барысында сыйлықтың жеңімпаздары жұртшылықты өз қызметімен таныстырады.
Кәріпбек Күйіков – 2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бастамашылық жасаған «АТОМ Жобасының» Құрметті Елшісі болып табылады. Жобаның миссиясы – ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу және барлық елдердің ядролық қаруды толық жоюға жаһандық қоғамдық қолдауды біріктіру.
«Ядросыз болашақ» сыйлығын 1998 жылы Франц Молл қоры құрды және де ол ядролыққа қарсы белсенділердің, ұйымдардың және қауымдастықтардың қызметін ынталандыруға бағытталған. Биылғы жылы сыйлықтың 20-жылдығы атап өтілуде.
Бұрын әлемнің 80-нен астам өкілдері мен ұйымдары аталған сыйлыққа ие болған, оның ішінде Қазақстаннан - Юрий Куйдин, фотожурналист, «Невада-Семей» ядролыққа қарсы қозғалысының серіктесі, Дүниежүзілік атом фотографтары гильдиясының мүшесі, ядролық тақырып бойынша көптеген фотоальбомдардың авторы (2000ж. марапатталған).