Словенияның Повир елді мекенінде Екінші дүниежүзі соғысының жауынгері «Кассе Себеро» қабіріне Қазақстан жері салынған капсула қойылды

2018 жылдың 20 қазанында Словенияның Приморск өңіріндегі Повир елді мекенінде Югославия партизандарымен бірге шайқасқан және 1943 жылы фашизмге қарсы күресте өз өмірін қиған қазақстан батыры «Касса Себероны» еске алу салтанатты жиыны өтті.

Қазақстан ардагерлер кеңесінің төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов, 75 жыл бойы Қазақстан жауынгерінің жадына ұқыпты қарағаны және оның қабіріне жасаған қамқорлығы үшін Повир елді мекенінің тұрғындарына және бүкіл Словения халқына Қазақстан халқының шынайы алғысын білдірді.
Бұрынғы Словенияның Қорғаныс министры, қазіргі Сежана коммуна басшысының орынбасары Любица Елушич жергілікті зерттеушілердің көп атқарған еңбектері туралы айтып берді. Партизан-серіктестерінің жазбаша мемуарлары, сондай-ақ куәгерлердің ұрпақтан ұрпаққа жеткізген әңгімелері, соның ішінде жараланған жауынгерге қараған қыз Чех Каролинаның әңгімелері «Кассе Себеро» қазақстаннан шыққанын сенімді түрде дәлелдейді. Діни қызметкер Йозеф Миличтің қайтыс болғандарды тіркеу кітабында жүргізген жазбасына сәйкес «Касса Себеро» Қазақстанның Октябрь ауданының Бағанат колхозынан шыққан.
Қазақстан Республикасының Словениядағы (қоса атқарушы) Елшісі Қайрат Сарыбай қатысушыларға Қазақстан-Словения арасындағы қарқынды дамыған қарым-қатынастары туралы айта отырып, еске алу шараларын ұйымдастырудағы ынтымақтастық үшін словен серіктестеріне алғысын білдірді.
Сондай-ақ, жиналыста РФ Словениядағы Елшісі Д.Завгаев, Сежана коммунасының басшысы Д.Терчон және Повир елді мекенінің басшысы Ф.Урсич сөз сөйледі. Словенияға ҚР Парламенты Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант А.Тасболатов, ҚР Қорғаныс министрлігінің офицерлері, ҚР ГФР-дағы Әскери атташесі және Еуропадағы жоғары әскери оқу орындарында білім алып жүрген офицерлері бар өкілетті делегация жауынгер жадына құрмет тұту үшін келді.
Еске алу шарасы аясында, «Жырақта жатсаң да, өшпес ерлігің еліңнің жадында» деген сөздер жазылған мемориалды тақта орнатылды, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық Пантеонынан алынған жері бар капсула қойылды. Ерекше жылу мен толқуды жауынгердің қабіріне гүл шоғырлары мен қазақстаннан алдырған жерді салуда жергілікті тұрғындар тудырды.
Іс-шара барысында қатысушыларға Астананың 20 жылдығына арналған фотокөрме, «Жау жүрек мың бала» фильмі көрсетілді. Және де жиынның соңында қазақ және словен тағамдары ұсынылды.
Іс-шара ҚР Құрметті консулдары Димитрия Пицига (Ново-Горица) мен Гораз Шифрер (Марибор), Сежана коммунасының Үкіметі және Қазақстан-Словения бизнес клубының қолдауымен ұйымдастырылды.