Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің «Азия-Еуропа» ХІІ саммитінде (АСЕМ) сөйлеген сөзі

(Брюссель, 19.11.2018)
Құрметті төраға,
Құрметті Саммит қатысушылары,
Қазіргі таңда әлемнің түпкір-түпкірінде әр-түрлі қақтығыстардың көбеюі, санкция және сауда соғыстарының өршуі жағдайында халықаралық саясат шиеленістің шегіне жетіп отыр.
Біз бүгін «АСЕМ» форумының саммитін осы проблемаларды шешу үшін пайдалануымыз қажет.
Біздің тарихтан білуімізше, негізгі күштер арасындағы прагматикалық диалог жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кепілі.
Өкінішке орай, қазіргі кезде әлем табысты диалог пен өзара түсіністікке қол жеткізе алмай келеді. Бәріміз өткен ғасырдың 60-жылдарындағы Кариб дағдарысын, НАТО шекарасының Ресейге жақын келуін еске салатын бүгінгі экономикалық және саяси текетірестерге куә болып отырмыз.
Біз болашақты бірге қалай құрамыз, бұл мәселені шешпей бәрін қамтитын тұрақты өнімге қалай қол жеткіземіз?
Осы себептен бұл саммит АҚШ, Ресей, Қытай сияқты әлемнің ірі елдері мен Еуропа Одағын халықаралық шиеленістерді шешудің жолын іздеуге шақыруы қажет.
Егер бұл орын алмаса:
Біріншіден, Сириядағы, Украинадағы және өзге де елдердегі қақтығыстар мен жанжалды реттемесек, ахуал одан да күрделене түседі;
Екіншіден, жаппай қыру қару-жарақтарының таралу қаупі сейілмейінше, халықаралық терроризм басты мәселе болып қала бермек;
Үшіншіден, әлемдік экономикадағы жағдайдың күрделене түсуіне байланысты кейбір кедей мемлекеттердің ахуалы одан әрі қиындайтынын және бұл өз кезегінде адамзат үшін  елеулі қауіп-қатерге негіз болады.
Мемлекеттер көшбасшылары Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін де, терроризмге қарсы күресте де өзара тіл табысақаны бәрімізге мәлім.
Бұл қазір де заман талабы.
Сондықтан, мен жоғарыда атап өткен (АҚШ, Ресей, Қытай, Еуропа Одағы) елдерінің басшыларын диалогқа шақырамын. Бұл мәселе БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында да қарастырылуы мүмкін.
Тіпті қажет болса, Астана алаңын пайдалануды ұсынамын.
Қорыта келгенде, Қазақстанның Азия мен Еуропадағы жаһандық сын-тегеуріндерге қарсы тұруға бағытталған серіктестікке белсенді атсалысуға дайын.
Біз Азия мен Еуропаның ортасында орналасқан ел ретінде Еуропа мен Қытайды жақындату үшін жолдар мен темір жол терминалдарын салдық.
Назарларыңызға рахмет.