ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ VI СЪЕЗІНІҢ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ ЕҚЫҰ ШЕҢБЕРІНДЕ ҰСЫНЫЛДЫ

Вена, 2018 жылғы 18 қазан. Ү.ж. 10-11 қазанда Астанада Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен өткен VI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қорытындылары дін негізіндегі төземділік пен кемсітпеушілік мәселелеріне арналған ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің отырысы барысында ұсынылған.

Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай елімізде үйлесімді дінаралық қатынастар қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның жемісті моделінің негізгі компоненттерін атап өтті және бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілету бойынша Қазақстанның жаһандық күш-жігеріне ерекше көңіл аударды.
ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесі барша адамзаттың гүлденуі жолында жасампаз ынтымақтастыққа шақыратын VI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі декларациясының негізгі қағидаттары туралы ақпараттандырылды. Декларацияның толық мәтіні ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттер арасында таратылды.
Қазақстандық дипломат Өркениетаралық және дінаралық диалогты дамыту жөнінде Орталықты құру арқылы өркениетаралық және дінаралық диалогты дамыту бірегей жаһандық платформаны іске қосу бойынша Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы туралы ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесі отырысының қатысушыларына айтты.
ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттерінің бірқатар делегациялары VI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қорытындыларын атап өтіп, өзара сыйластық атмосферасында түрлі діндердің тату және бейбіт өмір сүруді ілгерілету жөнінде Қазақстанның күш-жігері үшін ризашылығын білдірді.
VI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіне қатысу шеңберінде ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингер оның жұмысына айтарлықтай үлес қосты және Елбасы тарапынан қабылданды.