Словенияның Адриатика теңізі жағалауындағы қалалары Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға дайын

Ү.ж. 4 қазанында Қазақстан Республикасының Словения Республикаларындағы Елшісі (қоса атқарушы) Қайрат Сарыбай Адриатика теңізі жағалауына жасаған жұмыс сапары барысында Словенияның Копер қаласында өткен Бизнес форумға қатысып, Копер қаласының вице-мэрі П.Больчичпен, Копер қаласының Сауда өнеркәсіп палатасының Президенті И.Майцен мен Директоры Р.Ракармен, сондай-ақ «Vinakoper» компаниясының басшысы Б.Факинмен кездесулер өткізді.

Форумда ҚР Елшісі Қазақстан мен Словения арасындағы саяси, экономикалық және дипломатиялық қарым-қатынастар туралы презентация өткізді және кездесулер аясында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауларындағы стратегия мен басымдықтарына және Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері жайында баяндама жасады.
Сонымен бірге, Повир елді мекенінде жерленген қазақ жауынгері «Кассе Себеро» туралы ақпарат алу үшін, соғыс жылдары партизан тобында болған және қазақ жауынгері туралы мәлімет қалдырып кеткен Йоже Врабецтің қызы Люба Врабецпен кездесті.
Сонымен қатар, «Қазақ Інжулері – Ұлы Дала cарыны» жобасы шеңберінде және ҚР Словениядағы Құрметті консулы Д.Пициганың қолдауымен Еуропаның жоғарғы оқу орындарында білім алып жүрген жас қазақ өнерпаздарының концерті ұйымдастырылды.
Қатысушылар әлемдік классикалық музыка мен белгілі қазақ композиторларының туындыларын зор ілтипатпен қарсы алды.