Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің делегациясы жұмыс іссапармен Аустрияға барды

2018 жылғы 3-7 қыркүйек кезеңінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Олжас Бектенов бастаған делегация Аустрия астанасы – Вена қаласына жұмыс ісспармен барды.

Сапар аясында қазақ делегациясы БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясын жүзеге асыру шеңберіндегі іс-шараларға қатысты. Оларға 100-ден астам БҰҰ мүше мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың мамандары мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Өзінің баяндамасында О.Бектенов Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша жүзеге асырылып отырған шаралар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күресте қол жеткізілген жетістіктер мен бұл салада жиналған алдыңғы тәжірибе жөнінде баяндап берді.
Сапар шеңберінде қазақ делегациясы бірсыпыра екіжақты кездесулерді өткізді. Атап айтқанда, Аустрия Ішкі істер министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы федералдық бюро басшылығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру жөніндегі ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (ЕҚБ) сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыс департаментінің жетешісі Димитри Влассиспен болған сұхбат барысында О.Бектенов Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша жүзеге асырылып отырған шаралар туралы хабардар етті.
БҰҰ ЕҚБ өкілі соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы салада Қазақстан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткенін мәлімдеп, бес жылда бір рет өткізілетін Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі БҰҰ конгресін 2025 жылы Астанада өткізуді ұсынды.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Экономика және экологиялық мәселелері жөніндегі үйлестірушісі Вук Жугичпен өткізілген кездесу барысында тараптар Агенттік пен ЕҚЫҰ арасындағы ықпалдастықтың болашағын талқылады. Атап айтқанда, бірлескен тренингтер, семинарлар және конференциялардың өткізілуі ынтымақтастықтың оң динамикасының көрсеткіші болып табылатыны айтылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жетістіктерімізді жоғары бағалап, ЕҚЫҰ өкілдері халықаралық жобаларда қатысу және қазақстандық тәжірибені тарату мақсатында ЕҚЫҰ-ның сарапшылар пулына Агенттіктің қызметкерлерін қосуды ұсынды.
Сондай-ақ, қазақ делегациясы халықаралық ұйым және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саладағы білім беретін әлемдегі жалғыз инситут болып табылатын Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясына (ХСЖҚА) барып, 2018 жылғы 27-28 қыркүйекте аталған Академияның Ассамблеясына Қазақстанның қатысуын және осы білім беру институтында Қазақстан мен ХСЖҚА-ның ұйымдастыруымен ү.ж. қарашада өтуі жоспарланған Орталық Азия елдері мен Ауғанстан үшін арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тренингті өткізу мәселелері талқылады.