Қазақстан мен Словенияның серіктестігі саяси консультациялардың қорытындысы бойынша серпін алды

Екі жақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері 10 қыркүйекте Қазақстан-Словения саяси консультациясының кезекті раунды аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың және Словенияның Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Андрей Логардың арасында болған келіссөздерінде қаралды.
Кездесу барысында парламентаралық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, денсаулық сақтау, инновация және жоғары технологиялар, IT, туризм, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны кеңейту саласындағы мәселелерді қоса алғанда, саяси және сауда-экономикалық салаларындағы ынтымақтастық туралы сұрақтар қаралды.

Еуропа Одағының Орта Азия бойынша Стратегиясы шеңберінде тараптардың өзара іс-қимылын қоса алғанда, аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуы өтті. Р. Василенко Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысы, Еуразиялық экономикалық одағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және басқа да бірқатар өңірлік ұйымдар мен құрылымдар шеңберіндегі біздің еліміздің басымдықтары туралы хабардар етті. Словен тарапы оңтүстік-шығыс Еуропа елдеріндегі жағдайдың дамуы туралы өз ойымен бөлісті.
Словенияда Р.Василенко 13-ші Блед стратегиялық форумның жұмысына қатысты, Қазақстан Республикасының Құрметті консулдары Марибор қаласындағы Горазд Шифрер мен  Ново-Горица қаласындағы Димитрий Пициганың қызметтерімен танысты, сондай-ақ Орталық және Шығыс Еуропада «KazakhInvest «ҰК» АҚ-ның тәуелсіз өкілі және Қазақстан-словен бизнес клубының Президенті Деян Штанцермен әңгіме өткізді.  
Қазақстанның Сыртқы саясат ведомство басшысының орынбасары Словенияның Повир елді мекеніндегі партизан-батыр «Кассе Себероның» бейітіне гүл шоқтарын қойды, және танымал туристік аймақ Горишка Брдада орналасқан Қазақстанның Словениядағы «өнер елшілігіне» барды.
  Соңғы жылдары басқа да саладағы өзара іс-әрекеттермен бірге Қазақстан-словения сауда-экономикалық ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді. Бұдан бұрын 5-6 маусымда Астанада Экономикалық мәселелер жөніндегі қазақстан-словения үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысы болып өтті. Оның аясында Қазақстан-Словения бизнес клубының, «KazakhInvest «ҰК» АҚ және словенияның «Spirit» агенттігінің қамқорлығымен Қазақстан-Словения бизнес форумы өткізілді.
Ағымдағы жылдың қазан айында Любляна және Копер қалаларында тағы екі бизнес-форум өткізу жоспарлануда.

ҚР Вена қаласындағы Елшілігі