Қазақстан мен Аустрия қылмыспен қатаң түрде күресетін болады

Ү.ж. 16 қазанында Қазақстанның Бас прокуроры Қ.Қожамжаров пен Аустрияның Федералды әділет Министрі Й.Мозер Вена қаласында келіссөздер жүргізді және бірлескен мәлімдеме қабылдады. Онда қылмысқа қарсы күрес саласында өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ ҚР құқықтық көмек саласында Еуропа Кеңесінің Конвенцияларына қосылу ниетін Аустрия қолдауға дайын екендігін білдірді. Аустрия министрінің айтуынша, қол қойылған құжат «Еуропа Одағында Аустрияның ағымдағы төрағалығын ескере отырып, ҚР-ның Еуропа Кеңесі бағыты бойынша жасаған маңызды қадамы және құқық саласында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың негізгі тармағы болып табылады».

Толық оқу

Елбасының халыққа жолдауы ЕҚЫҰ-да танытылды

Ү.ж. 15-16 қазанда Венада өткен Энергетика мәселелеріне арналған ЕҚЫҰ Экономика және экология өлшеміндегі міндеттерді орындау жиналысы барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауындағы басымдықтарына Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі – ЕҚЫҰ Экономика және экология комитетінің төрағасы Қайрат Сарыбай назар аударды.

Толық оқу

Словенияның Адриатика теңізі жағалауындағы қалалары Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға дайын

Ү.ж. 4 қазанында Қазақстан Республикасының Словения Республикаларындағы Елшісі (қоса атқарушы) Қайрат Сарыбай Адриатика теңізі жағалауына жасаған жұмыс сапары барысында Словенияның Копер қаласында өткен Бизнес форумға қатысып, Копер қаласының вице-мэрі П.Больчичпен, Копер қаласының Сауда өнеркәсіп палатасының Президенті И.Майцен мен Директоры Р.Ракармен, сондай-ақ «Vinakoper» компаниясының басшысы Б.Факинмен кездесулер өткізді.

Толық оқу

Вена-Братислава ЕҚЫҰ вело саяхаты ЕҚЫҰ аумағындағы өзара байланыстықты насихаттауға үлес қосты

ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер өзара байланыстық пен ынтымақтастық рухын нығайту мақсатында шығармашылық жолды таңдады: спорт және салауатты өмірді қолдай келе, Венадан Словакияның астанасы Братиславаға дейін дипломатиялық вело саяхат ұйымдастырды.

Толық оқу

«Энергетика министрі Қ.Бозымбаев ядролық қаруды таратпау және атомды бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ҚР жетістіктері туралы АЭХА-да сөз сөйледі»

Өз баяндамасында Қазақстан делегациясының басшысы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау режимін нығайту жөніндегі жаһандық бастамаларға назар аударып, сондай-ақ ҚР мен АЭХА арасындағы ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастығының ахуалы және перспективалары туралы хабардар етті.

Толық оқу

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің делегациясы жұмыс іссапармен Аустрияға барды

2018 жылғы 3-7 қыркүйек кезеңінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Олжас Бектенов бастаған делегация Аустрия астанасы – Вена қаласына жұмыс ісспармен барды.

Толық оқу

Қазақстан мен Словенияның серіктестігі саяси консультациялардың қорытындысы бойынша серпін алды

Екі жақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері 10 қыркүйекте Қазақстан-Словения саяси консультациясының кезекті раунды аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың және Словенияның Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Андрей Логардың арасында болған келіссөздерінде қаралды.
Кездесу барысында парламентаралық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, денсаулық сақтау, инновация және жоғары технологиялар, IT, туризм, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны кеңейту саласындағы мәселелерді қоса алғанда, саяси және сауда-экономикалық салаларындағы ынтымақтастық туралы сұрақтар қаралды.

Толық оқу

“Цифрлы дәуірде Қазақстанда мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында жүзеге асырылып жатқан кешенді реформалар туралы ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта форумының екінші күнінде айтылды”.

Прагада өтіп жатқан Экономика және қоршаған орта форумның екінші күнінде Цифрлы дәуірде Қазақстанда мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында жүзеге асырылып жатқан кешенді реформалар туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

Толық оқу

“Елбасының жаңғыру реформалары ЕҚЫҰ Экономика және экология форумы шеңберінде танытылды”.

Елбасының жаңғыру реформалары Прагада жұмысын бастаған «ЕҚЫҰ аумағында инновация, адам капиталын дамыту, қоғамдық және корпоративті жақсы басқару арқылы экономикалық даму мен қауіпсіздікті нығайту» тақырыбына арналған 26-шы ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта форумы барысында танытылды.

Толық оқу

Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы Кылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі конгресін 2025 жылы Қазақстанда өткізуді ұсынды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі-Агенттік) мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (бұдан әрі-БҰҰ ЕҚБ) арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері ү.ж. 3 қыркүйегінде Вена қаласында өткен Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Бектенов пен БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстар департаментінің басшысы Дмитрий Влассис арасындағы екі жақты кездесудің басты тақырыбы болды.

Толық оқу