Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламасы аясында өнер көрсеткен қазақстандық музыканттардың орындау шеберлігі Веналық өнер сүйер қауымын таң қалдырды

Қараша айының 30-ші жұлдызында Вена қаласындағы әйгілі «Konzerthaus» залында көрермендердің назарына, 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Елшілігі тарапынан Аустрия және басқа да еуропа елдеріне қазақ мәдениетін танымал ету мақсатында жүзеге асырып жатқан «Қазақстан інжулері – Ұлы Дала сарыны» атты жобасы аясында концерт ұсынылды.

Толық оқу

Орталық Азия Елшілерінің Аустрия Федералды жерлеріне сапары ЕО-ның Орталық Азия аймақтарымен ынтымақтастығына жаңа серпін берді

 

Вена қаласындағы Орталық Азия мемлекеттері Елшілерінің бірлескен кездесулері мен сапарлары жақсы дәстүрге айналып, аймақты біртұтас ұстаныммен ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл – Еуропа Одағындағы Аустрия төрағалығының ЕО-ның Орталық Азия стратегиясын дайындау басымдығының шеңберінде әсіресе маңызды. Осы орайда, 2018 жылдың 8-9 қараша аралығында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан Елшілерінің Аустрияның Зальцбург және Форарльберг Федералды жерлеріне жұмыс сапарлары өтті.
Өздеріңіз білетіндей, Аустрия, оның ішінде Зальцбург,туризм саласында әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. Аустрияның осы саладағы тәжірибесі туризм саласын дамытуға үлкен назар аударып отырған Орталық Азия мемлекетерінің ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Осыған орай, 8 қарашада делегация мүшелері туризм және қонақ үй бизнесі саласында кадрларды даярлаудың аустриялық үлгісімен танысу мақсатында Зальцбург туризм мектебінде болды. Кездесу барысында аустрия тарапы аталған саладағы заманауи оқыту әдістерімен таныстырып, Орталық Азиядағы мамандандырылған жоғары оқу орындарымен серіктестік орнату мүмкіндіктері талқыланды.

Толық оқу

Төменгі Аустрия федералдық жері Қазақстан мен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға мүдделік көрсетіп отыр

Қазақстан Республикасы мен Аустрия Республикасының арасында өңіраралық байланыс орнату және қарым қатынасты одан ары дамыту мақсатында 2018 жылы 7 қарашада Төменгі Аустрия федералды жерінің әкімшілік орталығы– Санкт-Пёлтен қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған өңірдің билік, іскер және мәдени топтардың, консулдық корпус және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Толық оқу

Қазақстан Венада өтетін ЯСЖТШҰ Дайындық комиссиясының кезекті отырысында ядролық сынақтарға тыйым салуға халықаралық қауымдастықты қайта шақырды

2018 жылғы 7-9 қараша кезеңінде Вена қаласында өткен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартының Ұйымы Дайындық комиссиясының 51-отырысында Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігінің өкілдері қатысты.
Сессияда сөз сөйлеген Қазақстан делегациясы біздің еліміздің ЯСЖТШ-ны танымал ету жөніндегі атқарған жұмысын атап өтті, оның ішінде ү.ж. 29 тамызда - Семей ядролық сынақ полигоны жабылған күнінде және Қазақстанның Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ Бас ассамблеясы жариялаған Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнінде Қазақстанда ұйымдастырылған ЯСЖТШҰ Жастар тобы мен Белгілі қайраткелер тобының халықаралық конференциясы аталды.

Толық оқу

ҚР Энергетика вице-министрі М.Мырзағалиев пен ОПЕК Бас хатшысы М.С.Баркиндо жаһандық мұнай нарығын тұрақтандыру мақсатындағы алдағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады

2018 жылы 7 қарашада ҚР Энергетика вице-министрі М.Мырзағалиев бастаған ҚР делегациясы ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттерге арналған жоғары деңгейдегі отырысқа қатысты.
Сапар барысында, М.Мырзағалиев ОПЕК Бас хатшысы М.С.Баркиндомен кездесуде Қазақстан мен ОПЕК арасындағы ынтымақтастықты талқылады. Бас хатшы ОПЕК-ке мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттердің  дүниежүзілік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған бірлескен шараларына Қазақстанның қатысу маңыздылығын атап өтті. Вице-министр сұхбаттасына Қазақстан ОПЕК-пен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға ниеті екеніне сендіріп, ҚР-ға ресми сапармен келуге шақырды.

Толық оқу