Қазақстан Республикасының Клагенфурттегі Құрметті консулдығының ашылуы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығында және қазақстан-аустрия дипломатиялық қатынастарын орнатудың 25-жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Аустриядағы дипломатиялық өкілеттігі нығаю үстінде. Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Клагенфурт қаласында (Каринтия федералды жері) Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының ашылу рәсімі болып өтті. 

Құрметті консулдықтың ашылу салтанатына Аустрия Парламентінің депутаттары, Каринтия үкіметі мен Клагенфурт қаласының басшылары, өңірдің іскер және мәдени ортасының, консулдық корпустың, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Толық оқу

Қазақстан делегациясы Фельден экономикалық форумына қатысты

Ү.ж. 29-30 қыркүйекте Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Қ.Сарыбай басқарған ҚР делегациясы Фельден экономикалық форумына қатысты. Форумды Каринтия федералды жерінің Үкіметі және Каринтияның Экономика паласы ұйымдастырды. 

Бұл форум жыл сайын Италия мен Словенияға жақын орналасқан Аустрияның федералды жері Каринтияның Фельден қаласында өтеді. Оған Шығыс және Орталық Еуропа елдерінің үкіметтік және іскерлік топтарының 500-ге жуық өкілдері қатысады.

Толық оқу

Зальцбургта Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы ашылды және «Қазақстан інжулері – Ұлы Дала сарыны» жобасының кезекті концерті өтті

 Ү.ж. 30 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлау шеңберінде және қазақ-аустриялық дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 25-жылдығы қарсаңында Зальцбург қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Оған жергілікті билік, іскерлер және мәдени орта, консулдық корпус пен БАҚ өкілдері қатысты.

 Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшісі Қайрат Сарыбай өзінің сөзінде ұлы Моцарттың туған жерінде Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылуын үдемелі дамып жатқан екіжақты ынтымақтастықтың белгісі ретінде атады. Қазақстандық дипломат мемлекеттеріміз арасындағы өңіраралық серіктестік шеңберінде Зальцбург федералды жерімен байланыстарды дамытуға мүдделі екеніне назар аударды.

Толық оқу

Мариборда Қазақстан Республикасы Құрметті консулдығының ашылуы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу қарсаңында ү.ж. 12 қазанында Марибор қаласында (Словения) Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы ашылды. Аталған шараға Словения сыртқы саясат ведомствосының өкілдері, Марибор қаласының басшылығы, іскерлер және мәдени орта, консулдық корпус пен БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Елшісі Қайрат Сарыбай Құрметті консул Горазд Шифрерге консулдық патент тапсырып, оның екі мемлекет арасындағы байланыстың дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді. Шараға қатысушылардың назарын екіжақты қатынастардың зор болашағына аударған қазақстандық дипломат Қазақстанның словениялық тараппен түрлі салаларда өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық білдіріп отырғанын мәлімдеді.

Толық оқу

Любляна қаласындағы Қазақстан-Словения Үкіметаралық комиссиясының үшінші отырысы

2016 жылғы 20-21 қазан кезеңінде Словения астанасы - Любляна қаласында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Елжан Біртанов және Словения Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Санья Штиглицтің төрағалығымен Қазақстан-Словения сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының үшінші отырысы өтті.

Толық оқу