«Қазақстандық суретші, «АТОМ Жобасының» Құрметті Елшісі Кәріпбек Күйіков Аустрияда «Ядросыз болашақ» сыйлығына ие болды»

Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Қайрат Сарыбай «Ядросыз болашақ» сыйлығының иегерлерін олардың ядролыққа қарсы қызметі жоғары бағаланғаны үшін құттықтап, Кәріпбек Күйіковтың марапатталануы - қарусыздандыру мен таратпау жаһандық үдерістерінде Қазақстанның рөлі және Мемлекетіміз басшысы Н.Назарбаевтың бастамаларының мойындалуының көрсетікіші болып табылады атап өтті.

Толық оқу

Словенияның Повир елді мекенінде Екінші дүниежүзі соғысының жауынгері «Кассе Себеро» қабіріне Қазақстан жері салынған капсула қойылды

2018 жылдың 20 қазанында Словенияның Приморск өңіріндегі Повир елді мекенінде Югославия партизандарымен бірге шайқасқан және 1943 жылы фашизмге қарсы күресте өз өмірін қиған қазақстан батыры «Касса Себероны» еске алу салтанатты жиыны өтті.

Толық оқу

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің «Азия-Еуропа» ХІІ саммитінде (АСЕМ) сөйлеген сөзі

(Брюссель, 19.11.2018)
Құрметті төраға,
Құрметті Саммит қатысушылары,
Қазіргі таңда әлемнің түпкір-түпкірінде әр-түрлі қақтығыстардың көбеюі, санкция және сауда соғыстарының өршуі жағдайында халықаралық саясат шиеленістің шегіне жетіп отыр.
Біз бүгін «АСЕМ» форумының саммитін осы проблемаларды шешу үшін пайдалануымыз қажет.
Біздің тарихтан білуімізше, негізгі күштер арасындағы прагматикалық диалог жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кепілі.
Өкінішке орай, қазіргі кезде әлем табысты диалог пен өзара түсіністікке қол жеткізе алмай келеді. Бәріміз өткен ғасырдың 60-жылдарындағы Кариб дағдарысын, НАТО шекарасының Ресейге жақын келуін еске салатын бүгінгі экономикалық және саяси текетірестерге куә болып отырмыз.
Біз болашақты бірге қалай құрамыз, бұл мәселені шешпей бәрін қамтитын тұрақты өнімге қалай қол жеткіземіз?
Осы себептен бұл саммит АҚШ, Ресей, Қытай сияқты әлемнің ірі елдері мен Еуропа Одағын халықаралық шиеленістерді шешудің жолын іздеуге шақыруы қажет.
Егер бұл орын алмаса:
Біріншіден, Сириядағы, Украинадағы және өзге де елдердегі қақтығыстар мен жанжалды реттемесек, ахуал одан да күрделене түседі;
Екіншіден, жаппай қыру қару-жарақтарының таралу қаупі сейілмейінше, халықаралық терроризм басты мәселе болып қала бермек;
Үшіншіден, әлемдік экономикадағы жағдайдың күрделене түсуіне байланысты кейбір кедей мемлекеттердің ахуалы одан әрі қиындайтынын және бұл өз кезегінде адамзат үшін  елеулі қауіп-қатерге негіз болады.
Мемлекеттер көшбасшылары Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін де, терроризмге қарсы күресте де өзара тіл табысақаны бәрімізге мәлім.
Бұл қазір де заман талабы.
Сондықтан, мен жоғарыда атап өткен (АҚШ, Ресей, Қытай, Еуропа Одағы) елдерінің басшыларын диалогқа шақырамын. Бұл мәселе БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында да қарастырылуы мүмкін.
Тіпті қажет болса, Астана алаңын пайдалануды ұсынамын.
Қорыта келгенде, Қазақстанның Азия мен Еуропадағы жаһандық сын-тегеуріндерге қарсы тұруға бағытталған серіктестікке белсенді атсалысуға дайын.
Біз Азия мен Еуропаның ортасында орналасқан ел ретінде Еуропа мен Қытайды жақындату үшін жолдар мен темір жол терминалдарын салдық.
Назарларыңызға рахмет.

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ VI СЪЕЗІНІҢ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ ЕҚЫҰ ШЕҢБЕРІНДЕ ҰСЫНЫЛДЫ

Вена, 2018 жылғы 18 қазан. Ү.ж. 10-11 қазанда Астанада Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен өткен VI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қорытындылары дін негізіндегі төземділік пен кемсітпеушілік мәселелеріне арналған ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің отырысы барысында ұсынылған.

Толық оқу

Қазақстан мен Аустрия қылмыспен қатаң түрде күресетін болады

Ү.ж. 16 қазанында Қазақстанның Бас прокуроры Қ.Қожамжаров пен Аустрияның Федералды әділет Министрі Й.Мозер Вена қаласында келіссөздер жүргізді және бірлескен мәлімдеме қабылдады. Онда қылмысқа қарсы күрес саласында өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ ҚР құқықтық көмек саласында Еуропа Кеңесінің Конвенцияларына қосылу ниетін Аустрия қолдауға дайын екендігін білдірді. Аустрия министрінің айтуынша, қол қойылған құжат «Еуропа Одағында Аустрияның ағымдағы төрағалығын ескере отырып, ҚР-ның Еуропа Кеңесі бағыты бойынша жасаған маңызды қадамы және құқық саласында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың негізгі тармағы болып табылады».

Толық оқу