Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі

Қ. Сарыбайдың

Алғы сөзі

Толық оқу

 

Қазақстан тұрақты дамуындағы Аустрия технологиялары

Өзінің 20 жылдық мерейтойының қарсаңында Астана, еліміздің барлық өңірлерімен бірге, Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыруда озық аустриялық технологияларды қолдану арқылы жаңа идеяларды ұсынып, Қазақстанда «жасыл» технологияларды дамытуға серпін береді.

Толық оқу

ҚР Энергетика Министрі ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы төртінші Министрлік кездесуіне қатысты

2018 ж. 23 маусымда ҚР Энергетика Министрі Қ.Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация ОПЕК мүше мемлекеттері мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы Төртінші министрлік кездесуіне қатысты.
Министрлік кездесу ОПЕК президенті, Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика министрі Сухейл әл-Мазруи мен Ресей Федерациясының Энергетика министрі А.Новактың төрағалығымен өтті.

Толық оқу

Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымында Астана фотокөрмесі ашылды

2018 жылғы 21 маусым, Вена. Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының штаб-пәтері орналасқан Хофбург конгресс-орталығында Астананың 20-жылдығына орай фотокөрме ұйымдастырылды.
Фотокөрменің ашылу салтанатындағы сөзінде Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай Астананың көпжақты дипломатия мен бітімгершіліктің ірі халықаралық орталығына айналғанын атап өтті. Осы орайда, 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттерінің «еркін, демократиялық, ортақ және бөлінбес еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығын» қалыптастыру қағидатына мүдделілігін білдірген ЕҚЫҰ тарихи саммитінің рөлін атап өтті. Қазақстандық дипломат «Еуразия жүрегіндегі заманауи, қарқынды дамып келе жатқан қала бейбітшілік, қауіпсіздік пен дамуды нығайтуда алдағы уақытта да үлкен рөл атқарады» деп мәлімдеді.

Толық оқу

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкісінің макеті Қазақстанның сыйлығы ретінде БҰҰ Вена бөлімшесінде орнатылды

2018 жылғы 19 маусымда ҚР Энергетика министрлігінің, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, ҚР Венадағы Тұрақты Өкілдігінің және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) өкілдерінің қатысуымен АЭХА Төмен байытылған уран банкісінің макеті БҰҰ Вена бөлімшесінде жалпыға шолу мақсатымен ресми түрде орнатылды.
Өткенде, 2017 жылғы 19 қыркүйекте Венада өткен Қазақстандағы АЭХА Төмен байытылған уран банкісі ғимаратының (ТБУБ) ашылу рәсіміне арналған іс-шара барысында ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаев «Үлбі металлургиялық зауыт» АҚ қолдауымен жасалған ТБУБ макетін салтанатты жағдайда Агенттіктің Бас директоры Ю.Аманоға тапсырды.

Толық оқу

Вена дипломатиялық өкілдері Астананың 20-жылдығына арналған 20-километрлік велосаяхатқа қатысты

Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігі Астананың 20-жылдығына арналған 20-километрлік велосаяхат ұйымдастырды.
Велосаяхатқа БҰҰ Вена Офисі және ЕҚЫҰ жанындағы Елшілер мен Тұрақты Өкілдер, халықаралық ұйымдардың атқарушы құрылымдарының өкілдері және халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін қазақстандықтар, сондай-ақ қазақ диаспорасы мен Аустрияда оқитын жастар тобы қатысты.
Велосаяхатқа қатысушыларға естелік жүлделерін табыстау рәсімі барысында сөз сөйлеген ҚР Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай Астана жиырма жылдың ішінде тәуелсіз Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени орталығы ретінде қалыптасып, көпжақты дипломатияның, бітімгершілік пен дамудың ірі халықаралық орталығы мәртебесіне ие болды деп мәлімдеді.

Толық оқу

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар

Толық оқу

Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

КІРІСПЕ Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.

Толық оқу

100 нақты қадам

ҰЛТ ЖОСПАРЫ - БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША100 НАҚТЫ ҚАДАМ

Толық оқу

Нұрлы жол – болашаққа бастар жол

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ. 2014 ЖЫЛҒЫ 11 ҚАРАША

Толық оқу

Қазақстан жолы – 2050

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ. 2014 ЖЫЛҒЫ 17 ҚАҢТАР

Толық оқу
Demo

Photo
Gallery

View more
Demo

Explore
KAZAKHSTAN

View more
  • 01
  • 02
  • 03_1
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08_1
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 17_01
  • 18_01
  • 19
  • 1_1
  • 20
  • 21
  • 25_KZ
  • cropped-unsc-logo
  • kasa

Embassy of the Republic of Kazakhstan

Permanent Mission of the Republic of Kazakhstan to the International
Organizations in Vienna

Address

Prinz-Eugen-Straße 32
1040, Vienna
Austria

Contact Us

Phone: +43 (1) 890 80 08 10
Fax: +43 (1) 890 80 08 20

Consular Section

Phone: +43 (1) 890 80 08 35 / 14
Monday, Tuesday, Thursday, Friday
9.30 - 12.00