Елшінің Блогы

 

Қ. Сарыбайдың

Алғы сөзі

Толық оқу

 

ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттері мүгедек әйелдердің саяси қатысуы мәселелерін талқылады

Вена, 2018 жылғы 16-17 сәуір. ЕҚЫҰ Демократия институттары және адам құқықтары жөніндегі бюросының «Мүгедек әйелдердің саяси қатысуын ілгерілету» тақырыбына арналған конференциясы өтті.
ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттерінің өкілдері –  парламент мүшелері, дипломаттар мен сарапшылар –  конференция аясында ЕҚЫҰ аумағындағы мүгедектігі бар әйелдердің саясатқа араласуының кедергілерін талқылап, демократиялық институттар мен парламенттің қатысуы арқылы мәселені тиімді шешу жолдарын іздестіріп, мемлекеттерінің оң тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар әлемдегі 15% мүгедек адамдардың 60% әйелдер құрайтынын назарға ала отыра, нәзік жандылардың сайлау құқығын жүзеге асырудан бастап  жоғары лауазымдарда қызмет етуіне мүмкіндік жасау мәселеріне назар аударды.

Толық оқу

Қазақстанның Тұрақты Өкілдігі Вена Қарусыздану және таратпау орталығымен бірлесіп ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастық туралы семинар

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан азат аймақтарға кіретін мемлекеттердің өкілдерінің кездесуін өткізу туралы бастамаласын жүзеге асыру мақсатында, ҚР Венадағы Тұрақты Өкілдігінің өкілдері Вена қарусыздану және таратпау орталығының бастамасымен құрылған ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша ұсыныстарды әзірлеу бойынша Жұмыс тобының қызметіне белсенді түрде қатысты.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2018 жылғы 17 сәуірде Қазақстанның Венадағы Тұрақты Өкілдігі Вена қарусыздану және таратпау орталығымен бірлесіп семинар ұйымдастырды. Семинар барысында Жұмыс тобымен әзірленген «Ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастық: Тарих, сындар мен ұсыныстар» атты құжаттың тұсау кесері өтті.
Осы құжаттың негізгі мақсаты ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ үйлестіру механизмін құру болып табылады.

Толық оқу

Айзенштадтағы «Алатау» фольклорлық ансамблінің концерті туралы

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде Бургенланд аустриялық федералдық аумағының астанасы – Айзенштадта, дүние жүзіне танымал композитор Йозеф Гайдн өзінің музыкалық шығармаларын туғызған атақты «Эстерхази» сарайында, 2015 жылдан бері қазақстандық мәдениетті Аустрияда және Еуропаның өзге елдерінде кеңінен насихаттау мақсатында, ҚР-ның Елшілігі жүзеге асырып келе жатқан «Қазақстанның інжу-маржаны – Ұлы Даланың әуендері» атты жобаның шеңберінде Алматы мемлекеттік филармониясының «Алатау» фольклорлық ансамблінің концерті болып өтті.

Толық оқу

«Қазақстан және Аустрияның Тұрақты Өкілдіктері Венадағы Тұрақты Өкілдердің, халықаралық ұйымдардың басшылығының және сарапшылық қауымдастықтың қатысуымен семинар өткізді»

2018 жылғы 23 сәуір – 4 мамыр аралығында Женева қаласында өтетін Ядролық қаруды тараптау туралы шартының (бұдан әрі – ЯҚТШ) 2020 жылғы Шолу конференциясына Дайындық комитетінің екінші отырысына дайындық мақсатында Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігі Аустрияның Тұрақты Өкілдігімен бірлесіп БҰҰ Венадағы бөлімшесінде ЯҚТШ шолу циклі мәселелеріне арналған семинар ұйымдастырды.

Толық оқу

ҚР Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай БҰҰ ӨДҰ Бас директоры Ли Юнды ҚР Президенттің Қазақстан халқына жолдаудың мазмұнымен таныстырды

Ү.ж. 15 наурызда БҰҰ Венадағы бөлімінде ҚР Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбайдың БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымының (ӨДҰ) Бас директоры Ли Юнмен кездесуі өткізілді. Кездесу барысында Ли Юн 2018 ж. 10 қаңтардағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдаудың және 2018 ж. 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеудің негізгі қағидаларымен таныстырылды. Тараптар Қазақстан Ұлт Көшбасшысының жолдауы мен үндеудің қағидаларын жүзеге асыру мақсатында БҰҰ ӨДҰ-ның әлеуетін қолдануды талқылады. Соның ішінде ҚР ұлттық компаниялары үшін сандандыру және IT технологиялар жөніндегі мақсатты семинарларын ұйымдастыру, Қазақстанның көлік жүйесін дамыту мақсатында «Big Data» пайдалану, тұрғын ғимараттардың экологиялылық және энергиялық тиімділік жобаларын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтерін сандандыру және т.б.

Толық оқу

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар

Толық оқу

Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

КІРІСПЕ Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.

Толық оқу

100 нақты қадам

ҰЛТ ЖОСПАРЫ - БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША100 НАҚТЫ ҚАДАМ

Толық оқу

Нұрлы жол – болашаққа бастар жол

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ. 2014 ЖЫЛҒЫ 11 ҚАРАША

Толық оқу

Қазақстан жолы – 2050

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ. 2014 ЖЫЛҒЫ 17 ҚАҢТАР

Толық оқу
Demo

Photo
Gallery

View more
Demo

Explore
KAZAKHSTAN

View more
  • 01
  • 02
  • 03_1
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08_1
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 17_01
  • 18_01
  • 19
  • 1_1
  • 20
  • 21
  • 25_KZ
  • cropped-unsc-logo
  • kasa

Embassy of the Republic of Kazakhstan

Permanent Mission of the Republic of Kazakhstan to the International
Organizations in Vienna

Address

Prinz-Eugen-Straße 32
1040, Vienna
Austria

Contact Us

Phone: +43 (1) 890 80 08 10
Fax: +43 (1) 890 80 08 20

Consular Section

Phone: +43 (1) 890 80 08 35 / 14
Monday, Tuesday, Thursday, Friday
9.30 - 12.00