Invest in Kazakhstan

 

Қолайлы іскерлік климат

                     ЮНКТАД-тың 2015 жыл бойынша Әлемдік инвестициялар туралы есебіне сәйкес, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша Қазақстан әлемдегі 30 ірі елдер қатарында, бес жетекші көпелі экономика елдерінің арасында екінші орында және мұхитқа шыға алмайтын бес ірі ел арасында бірінші орында тұр. Іскерлік және инвестициялық ортаның жағымдылығын тану ретінде Дүниежүзілік банк, Дүниежүзілік экономикалық форум және Біріккен Ұлттар Ұйымының cауда және даму жөніндегі конференциясы Қазақстанға жоғары рейтингтер берді.

                     Инвестициялық климаттың жағымдылығы Қазақстанға $215 млрд. тікелей шетелдік инвестицияларды (2015 жыл қорытындысы), соның ішінде Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына орай 2010 мен 2015 жылдар арасында $134 млрд. тартуға мүмкіндік жасалды. Қазақстан, Беларусь, Ресей, Қырғызстан және Арменияның Кедендік одағы Қазақстанда жұмыс істейтін компанияларға 175 млн. халқы бар нарыққа жол ашады. Бес БРИКС елінің үшеуі төрт сағат ішінде ұшып жетуге болатын қашықтықта орналасып, 3 млрд. халық тұратын нарыққа шығуға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, Қазақстанда инвесторлар нөл мөлшеріндегі салық, инвестициялық субсидиялар, бизнес жүргізу жеңілдігі мен саяси институттарға жоғары сенім мен инвесторлар құқықтарының қорғалуы сияқты артықшылықтарды пайдалана алады.

Қазақстанда инвесторларды қолдау шаралары

Қазақстан Республикасының Инвестициялар туралы заңына сәйкес инвесторлар келесідей қолдау шараларына ие бола алады:

 

- Экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін кеңейтілген жеңілдіктер:

 Басым салаларда құны $10 млн.-нан асатын инвестициялық жобаларды іске асырып жатқан және инвестициялық контрактілерге қол қойған компаниялар, келесі инвестициялық жеңілдіктерді алуға құқығы бар:

1) корпоративтік табыс салығынан 10 жылға босатылу;

2) жер салығынан 10 жылға босатылу;

3) мүлік салығынан 8 жылға босатылу;

4) инвестициялық жоба үшін жабдықтарды, олардың қосалқы бөлшектерін, шикізат пен материалдарды шеттен тасымалдау кезінде кедендік баж салығын төлеуден 5 жылға дейін босатылу;

5) жер телімдерін беру;

6) инвестициялық субсидиялар (аймақтық дамуға үлес қосатын жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына және жабдықтарды сатып алуға кеткен шығындарды 30%-ға дейін компенсация жасау).

- Тұрақтылық кепілдері:

Басым салаларда инвестициялық жобаларды іске асырып жатқан және компаниялар келесі кепілдерге құқығы бар:

1) Келешекте салық заңнамасында және шетелден еңбек күшін әкелу мәселесі бойынша еңбек заңнамасында болатын өзгерістер жайғдайында тұрақтылық кепілі;

 2) Салық және экологиялық жарналар мен төлемдердің 10 жылға дейін тұрақтылығы;

 3) Жаратылыс монополиялар қызметтері үшін алынатын тарифтердің тұрақтылығы. Тарифтер тек қана бес жылда бір рет қайта қарастырылатын болып, ұзақ мерзімді жоспарлауға және бағалар тұрақтылығын ұстауға мүмкіндік береді.

- Инвестициялық омбудсмен тағайындалып, инвесторлардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғайтын болады. Инвестициялық омбудсмен келесіге құзіретті: 1) туындайтын мәселелер жөніндегі инвесторлардың өтініштерін қарайды және оларды шешу үшін ұсыным шығарады, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасай отырып; 2) туындаған мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдем көрсетеді; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметіне заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді және шығарады.

 - «Бір терезе» қағидасы негізінде инвесторлардың мемлекеттік органдармен әрекеттесуін жеңілдету. Ол инвесторлардың құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерімен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсынуда уәкілетті орган тарапынан жәрдемдесудің орталықтандырылған нысаны. Барлық инвесторлар ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Инвестициялар комитетінің (әрі - қарай Коминвест) Инвесторларға қызмет көрсету орталығы арқылы 363-тен астам рұқсаттар мен лицензияларды ала алады.

 - Инвестициялық жобаны іске асырудың толық мерзімі ішінде және іске қосылғаннан кейін бір жыл ішінде шетелдік жұмыс күшін тарту құқығы.

 - мүдделі компаниялар тарапынан кепілді сатып алуды қамтамасыз етуде инвесторларға жәрдем көрсету.

                        Инвесторлардың құқығын қорғау

               Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы «Инвестициялар туралы» № 373-II Заңы инвестор Қазақстанда инвестициялық қызметін іске асыру барысында ұшырауы мүмкін тәуекелдерді мейлінше қысқартуға мүмкіндік беретін әр түрлі кепілдіктерді ұсынуды қарастырады.

                              Инвесторлардың Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметін құқықтық қорғау кепілдігі

   Инвесторға құқықтары мен мүдделерінің толық және шүбәсіз қорғанысы ұсынылады. Мемлекеттік органдармен заңнамалық актілерге сәйкес келмейтін актілерді басып шығ аруы нәтижесінде, сондай-ақ осы органдардың лауазымдық тұлғаларының заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде инвесторға келтірілген залалды өтеп алуға оның құқығы бар. Қазақстан инвесторлар және мемлекеттік органдар арасындағы жасасқан шарттар талаптарының тұрақтығына кепілдік береді.

 Табыстарды пайдалану кепілдіктері

Инвесторлар өз қызметінен түскен табысты салықтарды және бюджетке басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейін өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.

 Мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты қызметінің жариялылығы

 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ресми хабарламалары және инвесторлардың мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте жарияланады. Инвесторларға коммерциялық және заңмен қорғалатын басқа құпияны құрайтын ақпараттан басқа, заңды тұлғаларды тіркеу, олардың жарғылары, жылжымайтын мүлікпен келісімдерді тіркеу, сондай-ақ берілген лицензиялар туралы ақпаратқа еркін қол жету қамтамасыз етіледі.

 Ұлттандыру және реквизиция кезіндегі инвесторлар құқықтарының кепілдігі

 Инвесторды мүлігінен мемлекеттік қажеттер үшін еріксіз айыру (ұлттандыру, реквизиция) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қаралған ерекше жағдайларда жіберіледі. Ұлттандыру барысында.
Қазақстан Республикасының ұлттандыру туралы заңнамалық актілерін басып шығару нәтижесінде инвестормен тартылған шығындар толық көлемде қайтарылады. Инвестор мүлігінің реквизициясы оған мүліктің нарықтық құнын төлеумен жүргізіледі. Қазақстанмен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы 48 екітараптық және бір көптараптық келісімдерге қол қойылды, бұлар қазақстандық инвестицияларды шетелде, сондай-ақ шетел инвестицияларын Қазақстан аумағында көтермелеу және қорғау үшін жағымды құқықтық жағдайлар жасайды.
ҚР "Инвестициялар туралы" Заңына қатысты барлық сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрлігінің Инвестициялар жөнінде комитетіне баруға болады.

 Дүниежүзілік Банкпен және Халықаралық қаржы корпорациясымен жүргізілетін «Doing Business (Бизнес жүргізу)» жыл сайынғы зерттеуге сәйкес, 2015 жылы «Инвесторларды қорғау» көрсеткіші бойынша Қазақстан 185 ел арасында 25 орын алады.

 Инвесторлар құқықтарын қорғауға қосымша кепілдік  

 Қазақстан 48 елмен Инвестицияларды өзара қорғау және көтермелеу жөніндегі келісім және Еуразия экономикалық қоғамдастық шеңберінде бір Келісім жасасты, олар инвесторлардың құқықтарын қорғаудың мыналар сияқты қосымша кепілдіктерін ұсынады: кемсітуден, деректемелеуден және  мемлекеттік меншіктеуден қорғау, арбитраждық келісім болмағанда халықаралық арбитраж соттарында инвестициялық дауларды шешуге құқығы.

 Толық ақпарат үшін келесі сілтемені қараңыз - http://invest.gov.kz/

Қазақстанмен Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім жасасқан елдердің тізімі:

 

АМЕРИКА

1

АҚШ

ЕУРОПА

2

Австрия Республикасы

10

Италия Республикасы

18

Сербия

3

Бельгия-Люксембург одағы

11

Латвия Республикасы 

19

Финляндия

4

Болгария 

12

Литва Республикасы

20

Франция

5

Ұлыбритания

13

Македония Республикасы

21

Чех Республикасы

6

Мажарстан

14

Нидерланд патшалығы

22

Швеция Kорольдігі 

7

Германия Федеративтік Республикасы

15

Польша Республикасы

23

Швейцария Конфедерациясы

8

Грекия Республикасы

16

Румыния

24

Эстония Республикасы

9

Испания патшалығы

17

Словакия

 

 

ТАУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫ (ТМД) ЖӘНЕ БҰРЫҢҒЫ КСРО МЕМЛЕКЕТТЕРІ

25

Әзірбайжан

28

Қырғызстан

31

Өзбекстан

26

Армения

29

Ресей

32

Украина

27

Грузия Республикасы

30

Тәжікстан

 

 

АЗИЯ, АФРИКА ЖӘНЕ ТАЯУ ШЫҒЫС МЕМЛЕКЕТТЕРІ

33

Мысыр

39

Корея

45

Түркия

34

Израиль

40

Кувейт

46

Вьетнам 

35

Индия

41

Қатар

47

Ауғанстан

36

Иран

42

Малайзия

48

Жапония

37

Иордания

43

Моңғолия

 

 

38

Қытай

44

Пәкістан

 

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮЙЫМДАР

49

Еуразия экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі мемлекеттер