«ЭКСПО-Караван» интерактивті оңтайлы павильоны Вена қаласында көрсету

«ҰК «Астана ЭКСПО-2017» АҚ мен Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшілігімен ұйымдастырылған «ЭКСПО-Караван» интерактивті оңтайланған павильоны бойынша Вена қаласында мамырдың 1 мен 3 аралығында роуд-шоу өтеді. Аталған роуд-шоудың мақсаты еуропалықтарды, шетелдік туристерді және туроператорларды Астана қаласында болатын Халықаралық мамандандырылған көрме «ЭКСПО-2017» туралы хабарлау. Оңтайлы павильонның қонақтары алдағы көрмені 3D принтері, виртуалды шындықтың көзілдірігі, қара күшті және желэнергетикасы, интерактивті сенсорлы экрандар және т.б. жаңа технологиялар арқылы таныса алады.
Өткізу орны: Am Hof, 1010 Wien.
Жұмыс уақыты: 2017 ж. 1 мен 3 мамыр., 10-нан 18-ге дейін. Кіру тегін.

Грац қаласындағы концерт

Ү.ж. 20 сәуірде Грац қаласында (Штирия федералды жері) Villa Hartenau атты тарихи ғимаратта «Қазақстан Інжулері – Ұлы дала сарыны» жобасы аясында камералық концерт өтті.

Іс-шара Елшіліктің ұйымдастыруымен, сондай-ақ аустрияның Штирия және Бургенланд федералды жерлеріндегі Қазақстанның Құрметті консулы Г.Небель мырзаның қолдауымен өтті. Концерт Еуропадағы музыкалық оқу орындарында оқып жүрген қазақ дарындарының Аустрия өңірлерінде өнер көрсету сериясына жол ашты. Бұл концерттер Қазақстан мен Аустрия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына арналған.

Толық оқу

Наурызға арналған Венадағы салтанатты концерт туралы

30 наурызда «Қазақстан інжулері – Ұлы Дала сарыны» жобасының шеңберінде Венадағы кеңінен танымал Концертхаус сахнасында Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің концерті өтті.

«Қазақстан інжулері» жобасының басты мақсаты - өзінің терең музыкалық дәстүрлерімен белгілі Аустрияда Қазақстан мәдениетінің түрлілігін насихаттау. Оны жүзеге асыруға Қазақстанның белгілі өнер қайраткерлері, сондай-ақ аустриялық музыкалық оқу орындарында оқитын жас қазақ дарындары қатысады.

Толық оқу

Қазақстан делегациясы БҰҰ Есірткі заттар комиссиясының 60-шы мерейтойлық сессиясына қатысқаны туралы

2017 жылғы 13 наурызда Вена қаласында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің Бірінші орынбасары Марат Демеуов бастаған қазақстандық делегация БҰҰ Есірткі заттар комиссиясының (ЕЗК) 60-шы мерейтойлық сессиясына қатысты.

Сессия барысында әлемде есірткі мәселесімен күрес жөніндегі кешенді әрі теңдестірілген стратегияны жасау мақсатында қабылданған Саяси декларация мен Халықаралық ынтымақтастықты ретке келтіру іс-әрекет жоспары сияқты маңызды мәселелердің жүзеге асырылуы талқыланды.

Толық оқу

«Қазақстан Баллистикалық зымырандардың таралуына қарсы күрес бойынша Гаага тәртіп кодексінің төрағасы ретінде Азия елдері үшін өңірлік семинарды Алматыда өткізуде»

2016-2017 жылдарға Баллистикалық зымырандардың таралуына қарсы күрес бойынша Гаага тәртіп кодексінің (бұдан әрі - Гаага тәртіп кодексі немесе ГТК) төрағасы ретінде Қазақстанның бастамасы бойынша және Еуропа Одағының қолдауымен Францияның стратегиялық зерттеулер қорымен бірлесе отырып, 2017 жылғы 2 наурызда Алматыда азиялық елдер үшін өңірлік семинар ұйымдастырылды.

Қазақстанның Гаага тәртіп кодексінде төрағалығы еліміздің халықаралық қауіпсіздікті күшейтуге және Қазақстанның жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы сыртқы саяси бастамаларын жүзеге асыруына тағы бір үлесі болмақ. Осының бәрі Елбасының стратегиялық тәсілдеріне, соның ішінде жаһандық бастамасы - «Әлем. XXI ғасыр» Манифестінің мақсаттарына сәйкес келеді. Манифесттің ағылшын тіліндегі мәтіні қатысушыларға таратылды.

Толық оқу

ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің отырысы туралы

Ү.ж. 9 ақпанда ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің кезекті отырысында үш комитеттің - ЕҚЫҰ Қауіпсіздік, Экономика және қоршаған орта және Адами өлшем комитеттерінің төрағалары 2017 жылға арналған жұмыс бойынша баяндама жасады.

Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта комитетінің төрағасы ретінде қатысушыларды комитеттің жұмысы экономика және қоршаған орта өлшемнің конструктивті әлеуетін жүзеге асыруға және ортақ экономикалық аумақты орнатуға бағытталған тұрақты экономикалық өзара жалғастықты ілгерілетуге арналатынын атап өтті. Бұл өз кезегінде Астана декларациясында белгіленгендей, Ванкувер мен Владивосток арасында қауіпсіздік қауымдастығын ілгерілету мәселесімен дәлме дәл келеді.

Толық оқу

«Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының басшылығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған медальдармен марапатталды»

2017 жылғы 8 ақпанда ҚР Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігі – Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінде  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Бас директоры Юкия Амано және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының (ЯСЖТШҰ) Атқарушы хатшысы Лассина Зербо Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған медальдармен марапатталды. Аталған тұлғалар Қазақстан мен олар басқаратын халықаралық ұйымдар арасындағы қарым-қатынастардың нығайтуына үлесі үшін осындай марапатқа ие болды.

Толық оқу

Қазақстанның Словениядағы Елшісі Қ.Сарыбайдың Словения бизнес элитасымен өткізген кездесуі туралы

 

2017 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Елшісі Қ.Сарыбай (резиденциясы Вена қаласында) 50-ден астам словен компанияларының басшылығымен кездесті. 

Іс-шараға түрлі салаларда көшбасшы болып табылатын «Lek», «Marand» (фармация), «Špica International», «Mikropis Holding» (IT технологилар), «Smart City» («жетік» технологиялар), «Seven Refractories» (құрылыс), «Zarja Elektronika», «Ibe» (электроэнергия), «Imobilia-GBK», «Sava Rogaška» (туристік бизнес), «Elan Inventa» (спорт тауарлары) сынды компаниялар қатысты.

Толық оқу

Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшісі Қайрат Сарыбай аустриялық Тироль федералдық жеріне сапармен барды

2017 жылы 13 қаңтарда Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Қайрат Сарыбай Аустрияның федералды жері - Тирольға жұмыс сапары барысында өңір үкіметінің басшысы Гюнтер Платтермен кездесіп, Қазақстандағы саяси және экономикалық ахуалы, еліміздің даму жоспарлары және Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі мен Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» Манифесті сияқты еліміздің халықаралық бастамаларын талқылады. Сондай-ақ, Елші Қ. Сарыбай Алматыда өткізілетін 2017 жылғы қысқы Универсиадаға Аустрияның спортшылары қатысатын туралы хабардар етті.

Кездесуде ү.ж ақпаныңда Қазақстан-Аустрия арасындағы қарым-қатынастарының 25-жылдығына арналған қарым-қатынастардың ахуалы мен болашағы талқыланды.

Толық оқу

Қазақстан Республикасы Словениядағы Елшісі Қ.Сарыбайдың Люблянаға сапары туралы

2016 жылғы 20-21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (Вена қаласында орналасқан) Қайрат Сарыбай Любляна қаласына шеккен сапар барысында Словенияның мемлекеттік органдары, іскерлік топтары өкілдерінің, Ұлттық Ассамблея (Парламент) депутаттарының және т.б. қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсізідігің 25-жылдығына арналған кешкі гала ас ұйымдастырылды. 

Сондай-ақ Елші Қ.Сарыбай бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

Атап айтқанда, Словенияның экс-Президенті Данило Тюркпен өткізген кездесуінде, словен саясаткері еліміздің 25-жылдық Тәуелсіздігімен құттықтап, егемендік жылдары мемлекетіміз алдында тұрған күрделі мәселелерді шешуде Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың рөлін жоғары бағалады. Сонымен қатар, Д.Тюрк Елбасының «Әлем.ХХІ ғасыр» Манифесті Қазақстанның ғаламдық қауіпсіздікке қосқан айтарлықтай үлесі екенін мәлімдеді.

Толық оқу