Люблянада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26-жылдығына орай салтанатты қабылдау өткізілді

Қазақстанның Словениядағы Елшісі (резиденциясы Вена қаласында) Қайрат Сарыбай ү.ж. 15 желтоқсанында Люблянаға сапар шегіп, Словения Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Андрей Логар және Словения сыртқы саяси мекемесінің Саяси директоры Матей Марнмен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Сұхбат аясында словен тарапы 2018 жылдың екінші жартысында жоғарғы деңгейдегі сапарды ұйымдастыруға дайындығын білдірді.

Кездесу барысында екіжақты қатынастардың құқықтық базасының ахуалы және екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағыттары қарастырылды. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның маңызды рөлін және екі ел сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде өткізілетін саяси консультациялардың механизмін атап өтті.
Елші К.Сарыбай Словенияның саяси, мәдени және іскер топтарының Қазақстанмен ынтымақтасуға деген қызығушылығын атап өтті. Мәселен, еліміздің Марибор және Ново Горица қалаларындағы құрметті консулдары іскер ықпалдастығының нақты жобаларын жүзеге асырып келуде, сондай-ақ Қазақстан-словен бизнес клубының бастауымен бірсыпыра іскерлер делегациясы Астанаға және Қазақстан өңірлеріне сапар шекті.
Сол күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26-жылдығына орай салтанатты қабылдау өткізілді. Оған Словенияның бұрынғы президенті Данило Тюрк, Инфрақұрылым министрі Петер Гашперчиш, Словенияның Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Изток Мирошич, жергілікті өңірлердің басшылығы, іскер топтары, ғалымдар, Словенияда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері, Қазақстанның Словениядағы құрметті консулдары, қазақ қоғамы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Іс-шараның ашылу рәсімінде Елші Қ.Сарыбай ширек ғасыр ішіндегі достық пен ынтымақтастық негізінде Словения мен Қазақстан саяси диалогты, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты прогрессивті түрде дамыту үшін берік іргетасын қалағанын атап өтті. Осыған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2002 жылғы мамырда жасаған ресми сапары және Словения Президенттері М.Кучанның 2002 жылғы қыркүйекте және доктор Д.Тюрктің 2009 жылғы қарашада Астанаға жасаған сапарлары айтарлықтай үлес қосты.
Қазақстандық дипломат Қазақстан мен Словения Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашизмге қарсы күресте ортақ тарихқа ие екенін мәлімдеді. Атап айтқанда, Трново жерінде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашизмге қарсы соғысқан Қазақстаннан шыққан жауынгерлер жерленген жерде кеңес әскерлеріне арналған Мемориал орнатылған, ал Повир ауылында есімі беймәлім қазақстандық батырдың мазары жатыр.
Словения Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Дамьян Бергант өзінің қарымта мәлімдемесінде өз үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26-жылдығына орай құттықтай отырып, барлық қазақстандықтарға сәттілік, бейбітшілік және өркендеу тіледі. Өз сөзінде ол Орталық Азия елдері арасында Қазақстанмен бірінші болып дипломатитялық қарым-қатынастардың орнатылғанын көңіл бөліп, Любляна Астананы өңірдегі негізгі әріптес ретінде қарастыранын атап өтті.
Д:Бергант Словения екі ел арасында қалыптасқан байланыстарды нығайтуға және оларды тереңдетуге мүдделі екенін мәлімдеді. Ол Қазақстанның сыртқы саяси жетістіктерін, нақты айтқанда ҚР-ның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдары кезеңіне сайлануы, еліміздің 2010 жылғы ЕҚЫҰ-дағы және 2017 жылғы ЕҚЫҰ Экономикалық-экологиялық комитетіндегі төрағылығы, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуін атап өтті. Словен дипломаты еліміздің әлемдегі және өңірдегі өзекті мәселелерді шешудегі рөлін атап, сирияаралық келіссөздерді өткізу үшін Астана үдерісін айрықша атап өтті.