Венада өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26-жылдығына арналған дипломатиялық қабылдауы туралы

Аустриядағы қазақстандық жемісті инвестициясының үлгісі- Венаның «Ritz-Carlton» қонақүйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26-жылдығына арналған дипломатиялық қабылдау өткізілді.
Қабылдау Венаның музыкалық мекемелерінде оқып жатқан Тайыр Тәжі мен Зарина Сыздықова орындауындағы Қазақстан мен Аустрия әнұрандарының орындалуымен басталды.

Қазақстанның Аустриядағы Елшісі және Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қ.Сарыбай ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастауымен өткізілген қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларындағы түбегейлі өзгерістер арқасында қол жеткізілген Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы баяндады. Соңғы жылдары орын алған ең маңызды ішкі саяси өзгерістеріне ерекше назар аударылды, олардың ішінде Конституциялық реформалар, мемлекет басшысымен жарияланған Үшінші жаңғыру және Руxани жаңғыру.
Қазақстандық дипломат Вена алаңында жүзеге асырылып жатқан қауіпсіздік пен дамуды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстанның бірқатар халықаралық бастамаларын белгіледі. Сондай-ақ, 2017 ж. Қазақстан аумағында орналасқан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Төмен байытылған уран банкі жөніндегі ерекше жобасы соңғы сатысына шыққанын, Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың күшіне ену үдерісіндегі Қазақстан мен Жапонияның тең төрағалығы сәтті аяқталғанын, ЕҚЫҰ экономика-экологиялық комитетіне төрағалық ету шеңберінде ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Аустрияның үкіметіне, бірқатар федералдық жерлеріне, БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымына, «Барлығы үшін орнықты энергетика» БҰҰ бастамасы, АЭХА, ЕҚЫҰ, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына (ОПЕК), ОПЕК халықаралық даму қорына Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесінің жұмысына белсенді қатысқаны үшін ерекше ризашылық білдірілді.
Елші осы жылы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 25-жылдығын атап өткен Қазақстан мен Аустрия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың саяси, экономика және мәдени салаларындағы өзара табысты дамуы, оған қоса қазіргі заманның өзекті мәселелер бойынша екі ел ұстанымдарының бір бағытта болуын атап өтті . 2015 ж. бастап Елшілікпен іске асырылып отырған, қазақстандық музыка мәдениетін таныту және Аустрия мен Еуропа оқу орындарында білім алып жатқан жаңадан бастап жүрген музыканттарға қолдау көрсету мақсатында «Қазақстан інжулері – Ұлы дала сарыны» жобасына назар аударды.
Қабылдау барысында Қ.Сарыбай ЕҚЫҰ-ның адам саудасына қарсы күрес жөніндегі Арнайы өкілі, Елші Мәдина Жарбосынованы дипломатиялық қызметіне үлес қосқаны үшін ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың құрмет грамотасымен марапаттады.
Атыраулық Д.Нұрпейісова атындағы ұлттық музыка академиясының студенттік ұжымы қазақ музыкасы классиктерінің шығармаларын орындап, қонақтар үшін күтпеген тосынсый болып, салтанатты қабылдаудың сәнін келтірді.
Дипломатиялық қабылдаудың қонақтары: парламенттің, үкіметтің және Аустрияның іскер топтардың өкілдері, дипломатиялық миссиялардың және Венада орналасқан халықаралық ұйымдардың басшылары, Қазақстанның құрметті консулдары, Аустриялық-Қазақстандық қоғамының мүшелері, қазақ диаспорасының және студенттік қоғамының өкілдеріне қазақ ұлттық тағамдары ұсынылып, оның ішіндегі ұлттық қымыз дәстүрлі сусыны көпшіліктің көңілінен шықты.