ҚР Энергетика вице-министрі ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы екінші Министрлік кездесуіне қатысты

2017 ж. 29-30 қарашада ҚР Энергетика вице-министрі М.Мырзағалиев бастауымен ҚР делегациясы ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы үшінші Министрлік кездесуіне қатысты.

ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттердің бірлескен отырысы барысында дүниежүзілік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған бірлескен шараларды талқылады, сондай-ақ 2016 ж. 10 желтоқсанда ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы алғашқы Министрлік кездесуде қол қойылған мұнай өндіріс көлемін төмендету бойынша Келісімнің мерзімдерін ұзартуға қол жеткізілді.
Келісім ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттері арасындағы «Ынтымақтастық жөніндегі декларациясына» қол қою арқылы 2018 ж. соңына дейін ұзартылды.
Қазақстан және ОПЕК мүше мемлекеттермен бір қатар Әзірбайжан, Бахрейн, Бруней, Малайзия, Мексика, Оман, Ресей, Судан, сондай-ақ Оңтүстік Судан Декларацияға қол қойды.
Іс-шара шеңберінде министрлік кездесу Іс басындағы төрағасы Сауд Арабиясы Корольдігі Энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халид А. Аль-Фалих ОПЕК мүше мемлекеттер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы жаһандық мұнай нарығын тұрақтандыру барысында бас қосып жұмыс атқару саласында Қазақстанның ерекше рөлін атап өтті.
М.Мырзағалиев мәлімдемесінде ОПЕК мүше мемлекеттерімен ҚР-дың ұлттық мүдделеріне және елімізде мұнай саласында жұмыс атқарып жатқан ірі инвесторларға кедергі жасамай Келісім шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыруға ниетін атап өтті.