Форарльберг федералды жеріне жұмыс сапары

Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшісі Қ.Сарыбай ү.ж. 6 қазанында Аустрия Республикасының Форарльберг федералды жеріне жасаған жұмыс сапар барысында жергілікті саяси, іскер және БАҚ өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.
Кездесулер аясында Елшіаустриялық тарапты Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы "Үшінші жаңғырту-Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі", "Қазақстан-2050" стратегиясы, қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде елімізді одан әрі даму жоспарымен таныстырды.Сондай-ақ, елімізге технология мен инвестицияны тарту, өңіраралық, соның ішінде Маңғыстау облысы мен Форарльберг федералды жері арасындағы байланыстарды әрі қарай дамыту туралы баяндады.

Форарльберг федералды жерінің парламент Президенті Х.Зондереггер Форарльберг федералды жерінің саяси, экономикалық бағыттарымен таныстырды. Сонымен бірге, Х. Зондереггер Қазақстандағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің өткізілуіне жоғары баға беріп, өңіраралық қарым-қатынасты дамытуда, тиісті деңгейде экономикалық байланыс орнатылып, нақты экономикалық жобалар өрісі кеңейтілетін болса, болашақта Маңғыстау облысы мен Форарльберг федералды жері арасында ынтымақтастық құжатына қол қоюға болатынын пайымдады.
Қазақстанда транспорт және логистика саласында инвестор болып табылатын «Gebrüder Weiss GmbH» басшысы В.Сенгер-Вайскомпанияның біздің еліміздегі жұмысы туралы презентациясы ұсынылды. Қытай мен Еуропа арасындағы тауар айналымының орасан зор әлеуетіне назар аудара отырып, «Қорғас» пен «Достық» терминалында Қазақстан серіктестерімен нақты жобалар атқаруға мүдделілігін танытты.
Фармацевтикалық немесе медициналық тауарларға «код» жазу жиһаздарын өндіруші «Amaco GmbH» компаниясы кездесуде өз қызметінің қысқаша презентациясын ұсынды. Сонымен қатар, компания басшысы Ж.Вонах Астанада өткен «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысқанын және одан алған әсері туралы әңгіме қозғай отырып, сандық технологияларын Қазақстан нарығына жеткізуге қызығушылық білдірді.
Вольфурт қаласында Елшіліктің ұйымдастыруымен және ҚР Құрметті консулы Х.Ульмер мырзаның қолдауымен өткен «Қазақстан Інжулері – Ұлы дала сарыны» жобасы шеңберінде өткен концертте Еуропадағы музыкалық оқу орындарында оқып жүрген Әлия Ақбергенова мен Ержан Құлыбаевтың орындауында әлемдік классикалық музыка және белгілі қазақ композиторларының туындылары тыңдалды.
Концертке Форарльберг федералды жерінің атқарушы органдарының, консулдық корпустың, жергілікті қоғамдық-саяси және де БАҚ өкілдері қатысты.