Қазақстандық делегациясы «Жаһандық инвестициялық бәсекеге жарамдылық» атты форумына қатысты

Ү.ж. 25-27 қазанда Вена қ. Дүниежүзілік банкінің ұйымдастыруымен «Жаһандық инвестициялық бәсекеге жарамдылық» атты форумы өткізілді. Іс-шараға ҚР Инвестициялар және даму министрі Е.Хаировтың бастауымен қазақстандық делегациясы қатысты.
Сапар барысында вице-министр Е.Хаиров БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымының (БҰҰ ӨДҰ) директордың орынбасары Ф.Хайдарамен кездесіп, ҚР мен БҰҰ ӨДҰ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Олардың ішінде «Өнеркәсіптік жаңғырту және Қазақстан кәсіпорындарының бәсекелестігі» және «Қазақстанның стандарттарын, метрологиясын, сынақтарын және инфрақұрылым сапасын нығайту арқылы сауда әлеуетін өсіру» бірлескен жобалары, сондай-ақ Қазақстанда БҰҰ ӨДҰ Инвестициялар және технологияларды тарту офисін ашу мәселелері көтерілді.

Сапар шеңберінде инвестициялар және даму вице-министрі Аустрияның экономикалық палатасы ТМД департаментінің директоры М.Ангерер және инновациялық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Г.Вайнгартнермен кездесуді өткізді. Кездесу барысында Аустрияның экономикалық палатасы өкілдері Қазақстанның жаңа инвестициялық саясатымен таныстырылды, соның ішінде ҚР-дың инвестицияларды тарту жөніндегі жаңа агентігі «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның қызметі. Сондай-ақ, кездесуде Қазақстан мен Аустрия арасындағы инвестициялық және инновациялық салаларындағы ынтымақтастықтың алдағы даму перспективалары талқыланды.