ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің отырысы туралы

Ү.ж. 19 қазанда Венада ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Президенті К.Муттоненнің, Еуразия Экономикалық Комиссиясының (ЕЭК) төрағасы Т.Саргсянның және ЕҚЫҰ Қауіпсіздік, Экономика және экология және Адами өлшем жөніндегі комитет төрағаларының баяндамалары қарастырылды.
"Photo by OSCE/Ghada Hazim"

ЕЭК Төрағасы тұңғыш рет ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңес мүшелерінің алдында жасаған баяндамасын Еуразиялық интеграцияның іргесін қалаушы Қазақстан Президенті Н.Назарбаев болғанын атап өтумен бастады. Комиссия төрағасы қатысушыларға Еуразия Экономикалық Одағының (ЕЭО) қызметімен басымдықтары туралы жан-жақты ақпарат ұсынды және осы күнге дейін ұйым шеңберінде жүзеге асырылған жұмысын атап өтті.Ұйымның Жібек Жолы экономикалық белдеуі аясындағы ынтымақтастығы менекі жобаның сауда-экономикалық қатынастарда бір-бірін толықтырғанын жеткізді.Сонымен бірге, қазіргі таңдағы комиссияның біріккен энергетика және қаржы нарығын құру бойынша жұмысына назар аударды және Еуропа Одағы елдерімен аталған салада ынтымақтастық орнатуға шақырды. Т.Саргсян ЕЭО-ның ЕҚЫҰ-мен де ынтымақтастығын нығайтуға мүдделі болғанын мәлімдеді.

К.Муттонен өз баяндамасында ЕҚЫҰ ПА жұмысы туралы ақпарат ұсынды. Ассамблея төрайымы ПА кезекті отырыстарының ұйымдастырлуына қолғабыс көрсеткен Беларус және Андора тараптарына алғыс білдіріп, Парламенттік Ассамблеяның ЕҚЫҰ үш өлшемі бойынша да жұмысын жалғастыратынын баяндады.
Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-дағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай Қазақстанның ЕЭО-дағы басымдықтары мен ұйымға 2016 жылғы төрағалығында «Экономикалық дипломатия» мәселелеріне ерекше мән бергенін, сонымен бірге жуырда Сочиде өткен Жоғарғы Еуразия Экономикалық Кеңесі барысында ұйымның негізгі басымдығына айналған, Елбасының ЕЭО шеңберінде «цифрлық форматқа» көшуге арналған саммит ұсынысының қабылдануынаназар аударды және аталған мәселе бойынша ЕҚЫҰ менЕЭО арасындағы синергияның маңыздылығына тоқталды.
Сонымен бірге, Елші ЕҚЫҰ ПА Төрайымы К.Муттоненнің жұмысын жоғары бағалады және Қазақстанға нәтижелі іс-сапарлар шеккеніне назар аударды.Төрайымның маусым айында ЭКСПО-да ЕҚЫҰ стендінің ашылуына қатысуына, Астанада өткен ЕҚЫҰ Экономика және экологиялық форумының Екінші жиналысында баяндама жасауына, тамызда «Жаңа ядролық қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл» тақырыбына арналған Пагуош конференциясына қатысуына алғысын білдіре отыра, Қазақстанда Парламент Сенат және Мәжіліс төрағалары, Сыртқы істер министрі мен жоғары деңгейде бірқатар үкімет өкілдерімен кездесу ұйымдастырылуы ЕҚЫҰ ПА-ға деген Қазақстанның ықыласын көрсететінін мәлімдеді.
ЕҚЫҰ Экономика және экология комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-дағы Тұрақты Өкілі Қ.Сарыбай 10 ай бойы атқарылған комитет жұмысы туралы есеп берді. Комитетке Қазақстан төрағалығы барысында транспорт, көші-қон, жақсы басқару, сыбайлас жемқорлықпен күрес, инвестициялық климат, сауда, өзара байланыстық, жаңармалы энергетика, тұрақты даму іспеттес мәселелер көтерілгенін және нәтижесінде ЕҚЫҰ министрлер кеңесінің қарауына экономика және қоршаған орта бойынша шешім жобалары енгізілетінін жеткізді.Сондай-ақ, ЭКСПО инфрақұрылымы негізінде Астанада құрылатын «Болашақ энергия» жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығының жұмысына ЕҚЫҰ мардымды үлес қоса алатынын атап өтті.
Қазақстан делегациясының комитеттегі жұмысына Еуропа Одағы, АҚШ, Әзербайжан, Ватикан, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Украина делегациялары жоғары баға берді.
Сонымен бірге, Қазақстан делегациясы бауырлас Қырғызстанда өткен Президент сайлауының қорытындылары бойынша Елбасының құттықтауын жеткізді және көршілес Қырғызстанмен достық қатынастарды дамытуға мүдделі болғанын атап өтті.