ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта өлшемінде міндеттерді орындау бойынша жыл сайынғы жиналысы туралы

Ү.ж. 16-17 қазанда Венада ЕҚЫҰ Экономика және қоршаған орта өлшемінде міндеттерді орындау бойынша жыл сайынғы жиналысы. Іс-шараның сессиялары барысында үкімет, жеке сектор, азаматтық қоғам өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшыларқоршаған орта тәуекелдерін азайту, су мәселелерінде үздік тәжірибелердің орындалуын қадағалау, қоршаған орта мәселелеріне қатысты қоғамның білімін арттыру, энергетика тиімділігі мен жаңармалы энергетика, қоршаған орта саласында сыбайлас жемқорлықпен күрес және жақсы басқару және БҰҰ Тұрақты Даму Мақсаттарын талқылады.

ЕҚЫҰ Аустрия төрағалығы аталған іс-шара жаңаша ойлауға және қоршаған орта саласындағы мәселелерді біріге шешуге үлес қосатынын айтып, жасыл экономика мәселелеріне аса мән беретінін мәлімдеді. Осы орайда, Қазақстанның ЕҚЫҰ Экономика және экология комитетіндегі төрағалығын ерекше атап өтті және Ұйым Экономикалық және экологиялық форумының (ЭЭФ) екінші дайындық жиналысы биыл маусымда Астанада ЭКСПО көрмесі шеңберінде өткізілуінің маңыздылығына назар аударды.

ЕҚЫҰ Экономика және экология комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-дағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай Қазақстанның қоршаған орта саласында «Қазақстан 2050 стратегиясы», «Үшінші жаңғыру» және «Жасыл көпір» халықаралық бағдарламалары шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынды. Сондай-ақ, ЭКСПО инфрақұрылымы негізінде Астанада құрылатын «Болашақ энергия» жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығының жұмысына ЕҚЫҰ мардымды үлес қоса алатынын атап өтті.
Франция Конституциялық Кеңесінің төрағасы, бұрыңғы Климат жөніндегі Париж конференциясы(КОП-21) президенті Л.Фабиус ЕҚЫҰ-ның қоршаған орта саласындағы жұмысына жоғары баға берді және климаттың өзгеруі мен қауіпсіздік арасында тікелей байланыстың болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған Францияның «Қоршаған орта үшін жаһандық пакт» атты жаңа бастамасы туралы хабарлады.
Іс-шараның жұмысына Қазақстан экологиялық ұйымдары бірлестігінің төрайымы А.Соловьева мен «Аралды Құтқару Халықаралық Қоры» Су ресурстары департаментінің жетекшісі Ә.Кеншімов қатысып, жиналыс барысында көтерілген өзекті мәселелер бойынша ойларымен бөлісті.
Атап айтқанда, Ә.Кеншімов су мәселелеріне арналған сессия барысында халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ЕҚЫҰ-мен бірлесе Арал теңізін құтқару шеңберінде жүзеге асырылған жобалар туралы хабардар етті және Қазақстанда су шаруашылығы мамандарының даярлауы туралы мағлұмат ұсынды.
А.Соловьева энергетика тиімділігі мен жаңармалы энергетика тақырыбына арналған сессияда спикер ретінде Қазақстан үкіметі мен қоғамдық бірлестіктердің аталған саладағы жұмысы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.
ЕҚЫҰ Италия Тұрақты Өкілі А.Атзони қорытынды сессияда 2018 жылы ұйымға төрағалығы барысында Германияның 2016 жылғы және Аустрияның үстіміздегі жылғы төрағалықтарының екінші өлшемдегі басымдықтарын жалғастыратынын және ЭЭФ Бірінші дайындық жиналысын сандық форматқа көшу, Eкінші дайындық жиналысын адам капиталын дамыту және жыл сайынғы Прага форумын «Жақсы басқару және жауапты басшылық» тақырыбына арнайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, Италия төрағалығы барысында Бизнес конференция жоспарланғанын атап өтті.
Ү.ж. 7-8 желтоқсанда Венада өтетін ЕҚЫҰ министрлер кеңесінің нәтижесі ретінде ЕҚЫҰ Аустрия төрағалығы экономика және қоршаған орта бойынша шешім жобаларын қабылдауды жоспарлауда.