Линц қаласында ҚР Құрметті консулдықтың ашылуы туралы

Ү.ж. 29 қыркүйегінде Линц қаласында Жоғарғы Аустрия федералды жерінде қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының ашылу салатанаты өтті. Оның ашылу рәсіміне жергілікті үкімет және парламент мүшелері, өңірдің іскер және мәдени ортасының, консулдық корпустың, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшісі Қайрат Сарыбай жаңа Құрметті консул Фридрих Флоймайрге консулдық патентті және Қазақстан Республикасының туын табыс етіп, қазақстан-аустриялық ынтымақтастықты кеңейту жолында сәттіліктер тіледі. Қазақстандық дипломат Павлодар облысы мен Жоғарғы Аустрия арасындағы орнатылған әріптестіктің зор мүмкіншіліктеріне назар аударды. Осыған орай ол аустриялық тарапты өзара әрекеттердің әртүрлі салаларындағы әлеуетті барынша белсенді дамытуға шақырды.

Жоғарғы Аустрия федералды жер Үкіметінің министрі Макс Хигелсбергер Линц қаласында Қазақстан Республикасы өкілдігінің құрылуын құптап, аталған федералды жердің Қазақстан өңірлері, соның ішінде Павлодар облысымен ынтымақтастық орнатуға қызығушылығын атап өтті. Ол жергілікті кәсіпкерлерді Құрметті консулдықтың мүмкіншіліктерін жаңа байланыстар орнатуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруда пайдалана отырып, Қазақстанмен кеңірек танысуға шақырды.
Жоғарғы Аустрия федералды жеріндегі Парламенттің 3-ші Президенті Герта Вайкслер-Хауер Қазақстан өкілдігінің екі мемлекеттің іскерлер, білім және мәдени орталары арасындағы байланыс көпір ретіндегі тәжірибелік маңыздылығын айтты.
Сол өңірдің атақты кәсіпкері, Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Фридрих Флоймайр жоғары сенім білдіргеніне алғысын білдіре отырып, екі елдің арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға барлық күшін салатынын айтты.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшілігі тарапынан жүргізіп жатқан «Қазақ Інжулері – Ұлы Дала cарыны» жобасы шеңберінде Аустрияның жоғарғы оқу орындарында білім алып жүрген Қазақстан Республикасының жас музыканттарының концерті ұйымдастырылды. Қатысушылар әлемдік классикалық музыка мен белгілі қазақ композиторларының туындыларын зор ілтипатпен қарсы алды.
Екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәнмәтінінде, Жоғарғы Аустриямен ынтымақтастықты дамытуға үлкен маңыз беріледі. Аустрияның солтүстігінде орналасқан Жоғарғы Аустрияда автомобиль өнеркәсібі және машина жасау, металлургия, химия, өндірісті пластиктер, қағаз, өңдеу өнеркәсібінің, басқа да салалары дамыған. Аустрия өндірісіндегі барлық өнеркәсіптің үштен бірі Жоғарғы Аустрияға тиесілі.