ЕҚЫҰ-ның Министрлер жиналысына Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі Қ.Әбдірахмановтың қатысуы туралы

2017 жылдың 11 шілдесінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Министрлер жиналысының жұмысына Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрі Қ.Әбдірахманов қатысты және ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттері делегацияларымен ұйымның күн тәртібіндегі өзекті сұрақтарды талқылады.
Пленарлық сессия барысында Қазақстан делегациясының басшысы ЕҚЫҰ Іс басындағы Аустрия төрағалығына қолдау білдіре отыра, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен шақырылған 2010 жылғы ЕҚЫҰ Астана Саммитінің Декларациясында бекітілгендей, тұтас және бөлінбейтін Еуро-Атлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік қауымдастығын ілгерілетуге бағытталған  инклюзивті диалогтың маңыздылығын атап өтті. 
Қ.Әбдірахманов қауіпсіздік саласында ағымдағы және болашақтағы қауіп-қатерлерге байланысты, соның ішінде аумақтық жанжалдарды реттеу, әскери белсенділіктің өсуі, әскердің бір жерге жиналуы және оның кесірінен ЕҚЫҰ аумағында туындайтын әскери қақтығыстардың қаупіне қатысты құрылымдық диалогқа жағдай жасалғанын атап өтті. Қазақстан аталған диалогқа белсенді қатысуды көздейді.

Экономика-экологиялық өлшемнің ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттері арасында ынтымақтастық құру құралы ретінде ерекшелігіне және Орталық Азия өңірінің жаңармалы интеграциялық үрдістер тұрғысынан маңыздылығына назар акдарылды
ҚР Сыртқы істер министрі лаңкестікке апаратын зорлық-зомбылық экстремизмнің алдын алуға арналған дөңгелек үстелде Жаһандық лаңкестікке қарсы күрес коалициясы, БҰҰ жаһандық лаңкестікпен күрес стратегиясы, Лаңкестік пен зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы жаһандық іс-әрекет кодексі мен Лаңкестік ұйымдардың тұтас тізімін құру туралы Елбасының бастамаларын ұсынды. Сонымен бірге, Қазақстанның лаңкестікпен қарсы күрес бойынша шаралары, үшінші және қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламалары мен «Кибер қалқан» бастамасы жөнінде мағлұмат берді.
ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер Қазақстанның 2018 жылдың қаңтарында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығына дайындығы және Астанада өтетін кезекті Әлемдік және дәстүрлі діндер сьезі туралы ақпараттандырылды.
Іс-сапар барысында Қ.Әбдірахмановтың ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасы – Аустрия сыртқы істер министрі С.Курцпен екі-жақты өзекті мәселелер мен халықаралық ұйымдардағы ынтымақтастық жөнінде, соның ішінде ҚР-ның БҰҰ ҚК-ге мүшелігі мен Аустрияның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы бойынша келіссөздері өтті. Екіжақты қатынастардың дамуына оңтайлы ықпал етуіне және ЕҚЫҰ экономика және экология өлшемін дамытуға үлес қосуына байланысты ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің маңыздылығы аталып өтілді.
Іс-шара шеңберінде Қ.Әбдірахманов ЕО, Ирландия, Словакия, Канада және Кипрдің делегация басшыларымен болған кездесулер барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.  Келіссөздердің күн тәртібінде экономикалық дипломатия ерекше орын алды: инвестиция тарту, сауда айналымының өсуі, транзиттік-көлік әлеуетінің жүзеге асырылуы. Қазақстан тарапы өз серіктестерін ЭКСПО-2017 негізінде құрылатын Астана халықаралық қаржы орталығы, «Болашақ энергиясы» «жасыл» технологиялар және инвестициялық жобаларды дамыту халықаралық орталығы мен IT-стартап хабының  жұмысына қатысуға шақырды.
Қазақстан сыртқысаяси ведомство басшысының Венаға іс-сапары мен ЕҚЫҰ дебаттарына қатысуы бейбітшілі, қауіпсіздік пен тұрақты дамуға бағытталған ҚР Президенті бастамаларының өзектілігі мен қажеттілігін көрсетті.

Вена қаласындағы
Халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР ТӨ
11 шілде 2017 жыл