ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахмановтың Аустрияға сапарының алғашқы күнінің қорытындылары туралы

(Вена, 2017 жылдың 10 шілдесі)

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының министрлік кездесуінің қарсаңында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов Вена қаласында орналасқан халықаралық құрылымдардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.
Министрдің БҰҰ Бас хатшысының Орынбасары, БҰҰ Есірткілер және қылмыс жөніндегі басқармасының (ЕҚБ) Атқарушы директоры Ю.Федотовпен кездесуі барысында сыбайлас жемқорлыққа, қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына, ақшаны жылыстатуға, адам саудасына қарсы күрес, экстремизм мен терроризмге қарсы әрекеттер, атап айтқанда түрмелерде қамалғандардың арасында дерадикализациялау жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру салаларындағы кең ауқымды мәселелер талқыланды.


Бас хатшының орынбасары Жаһандық терроризмге қарсы желі құру туралы Қазақстан Президентінің идеясына жоғары баға беріп, БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерриштің дүниежүзілік ұйымның халықаралық терроризмге қарсы күрес бойынша қызметін шоғырландыру жөніндегі соңғы ұйымдастырушылық қадамдары Мемлекет басшысының тиісті бастамаларын практикалық қолданысқа енгізуі болып табылатынын атап өтті.  ЕҚБ өңірлік қауіпсіздікті қолдауға бағытталған, соның ішінде Орталық-Азиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру Орталығы (ЦАРИКЦ), сондай-ақ ҚР Құқық қорғау органдарының академиясы негізінде құрылып жатқан Өңірлік жаһандық қатерлерге қарсы әрекет хабы сияқты сыртқы саяси бастамаларды қолдайтынын атап өтті.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес академиясының ректоры М.Кройтнермен кездесу шеңберінде ҚР сыртқы саяси ведомствоның басшысы Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау саласында құзыреті бар мемлекеттердің тәжірибелері маңызды екенін мәлімдеді.
Өз кезегінде М.Кройтнер Қазақстан аталған салада айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенін және мемлекетіміз оң жетістіктерімен бөлісе алатынын атап өтті. 
Қ.Әбдірахмановтың Венаға сапарының бірінші күні оның ҚР Дипломатиялық қызметінің 25-жылдығына орайластырылған ҚР-ның Аустриядағы елшілігінің шетелдерде қазақстандық мәдениетті таратуға бағытталған жобасы - «Қазақстан інжуі – Ұлы дала мелодиясының» 15-ші мерейтойлық концертіне қатысуымен аяқталды. Аустрияға қазақстандық инвестицияның үлгісі болып табылатын астаналық «Ритц-Карлтон» қонақ үйінде ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға Қырғызстан СІМ басшысы Э.Абдылдаев және басқа да Аустрияның саяси және экономикалық ортасы, Вена қаласында тіркелген дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құралған жоғары шенді қонақтар қатысты.
Концерт барысында апалы-сіңлілі Ләйлә мен Аида Ахметовалар орындаған қазіргі қазақстандық композитор Әліби Әбдінұровтың фортепиано мен скрипкаға арналған «Қазақстан» атты шығармасының премьерасы болды.
Қазақстанның Аустриядағы Елшісі – Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қ.Сарыбай өзінің алғы сөзінде құрметті қонақтарды қошаметтеп, «Қазақстан інжуі – Ұлы дала мелодиясы» жобасының ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қоғамдық сананы жаңарту жөніндегі Бағдарламасындағы мақсаттардың бірі – шетелдерде Қазақстанның мәдени жетістіктерін таратуды жүзеге асыруда маңыздылығын атап кетті.
Концерттік бағдарлама, соның ішінде апалы-сіңлілі Ахметовтердің жоғары деңгейде орындаған шығарманың премьерасы музыканттарды ұзақ қол шапалақпен қошаметтеген қонақтардың көңілінен шықты. Концерттен кейін ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов аудиторияны Қазақстан басшысы бастама жасаған реформалар процестерімен, елдің сыртқы саясатының негізгі бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ «Қазақстан інжуі» жобасының демеушілерін арнайы грамоталармен марапаттау рәсімін өткізді.


ҚР Аустриядағы елшілігі
2017 жылғы 10 шілде