«Қазақстан Баллистикалық зымырандардың таралуына қарсы күрес бойынша Гаага тәртіп кодексіндегі төрағалығын Польшаға тапсырды»

Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай 2017 жылғы 6-7 маусымда Венада өткен Баллистикалық зымырандардың таралуына қарсы күрес бойынша Гаага тәртіп кодексінің (бұдан әрі - Гаага тәртіп кодексі немесе ГТК) 16-шы кезекті отырыс барысында ГТК төрағалығын Польшаның өкіліне тапсырды.

Гаага тәртіп кодексі баллистикалық зымырандардың таратуын болдырмау мақсатында әзірленген адал ниетті ережелер жинағы негізінде мемлекеттердің бейресми бірлестігі болып табылады. Кодекс мемлекеттер арасындағы сенім шараларды көздеп, олар жыл сайын баллистикалық зымырандар мен әуе-ғарыш тасығыш зымырандар саласындағы бағдарламалары туралы декларацияларды ұсынуы тиіс.

 Қазақстанның Гаага тәртіп кодексінде төрағалығы еліміздің халықаралық қауіпсіздігі мен жаппай жою қарудың таратпауын күшейтуге тағы бір үлестің тануы болып, Елбасының халықаралық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі бастамаларға және стратегиялық тәсілдеріне сәйкес келеді.

Қазақстан ГТК 14-ші төрағасы және осы халықаралық режимді басқарған Еуразия кеңістігіндегі алғашқы мемлекет болды.

Қ.Сарыбай өзінің баяндамасында еліміздің Гаага тәртіп кодексінің төрағасы лауазымда 2016-2017 жылдары атқарылған жұмысы туралы қатысушыларды хабардар етті. Атап айтқанда, еліміз ГТК-нің жанжақтылығына және мүшелігін кеңейту мақсатында осы режимге халықаралық қауымдастықтың назарын аударауға айтарлықтай жұмыс атқарды.

Қазақстан Францияның Стратегиялық зарттеулер қорымен бірлесе отырып, Еуропа Одағының көмегімен 2017 жылғы 2 наурызда Алматыда ГТК қосылмаған Азия мемлекеттері үшін өңірлік семинар ұйымдастырды. ГТК жаңа мүшелердің қосылуын қамтамасыз етуіне бағыттылған семинар баллистикалық зымырандардың тарату мәселелерінің аспектілері, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздікке тәуекелін талқылауға тиімді алаң болды. Сонымен қатар, Қазақстан Иорданияда, Таиландта, Мьянмада, Израильде, Бахрейнде, Чилиде, Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-отырысында және Венада ГТК пленарлық отырысында өткен халықаралық мен өңірлік семинарларға қатысты.

Қ.Сарыбай пленарлық отырыс барысында ГТК Төрағалығын тапсырып, баллистикалық және зымыран әлеуеті тұрғыдан Қытай, Иран, Пәкістан, Индонезия, Бразилия, Мексика және Израиль сияқты маңызды мемлекеттердің Кодекске қосылу маңыздылығын атап өтіп, осы елдермен бірқатар кеңессөздерді өткізгенін мәлім етті.

Зымыран бағдарламасы тұрғыдан маңызды мемлекеті болып табылатын Индияның ГТК-не қосылу шешімі ҚР-ның төрағалығының маңызды нәтижесі болып саналады. Бұдан бұрын Индия ұзақ уақыт бойы осы қадамнан бас тартқан еді.

ГТК қатысушы мемлекеттердің зымыран бағдарламалары мен баллистикалық зымырандарды ұшыру туралы жыл сайынғы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жұмысы төрағалықтың тағы бір маңызды аспекті болып табылады.

ҚР Венадағы Тұрақты Өкілдігінің қатысуымен БҰҰ Қарусыздану мәселелері жөніндегі офисінің бөлімшесі ГТК негізгі принциптері мен сенім шараларына арналған оқыту бейне курсын дайындады. Оқыту курс Аустрияның СІМ жанындағы ГТК Байланыс пунктінің интернеттегі сайтында орналастырылып, баллистикалық зымырандарды таратпау саласындағы бастауыш сарапшыларға арналған.

БҰҰ Бас Ассамблеясының ГТК туралы қарардың ілгерілетуі мен қабылдануы қазақстандық төрағалығының маңызды нәтижесі болып табылды. 2016 жылғы желтоқсанда БҰҰ БА 71-отырысында 166 мүше мемлекеттердің дауыстармен қабылданып (соның ігінде ГТК қосылмаған 

34 мемлекеттер), осы қарардың тарихында мейлінше көп мемлекеттер қолдау көрсеткенін атап өткені жөн. Осы уақиғаның тағы да бір өзгешелігі - 

77 мемлекеттер қарардың тең авторлары болды.

БҰҰ БА қарары Гаага тәртіп кодексіне қосылуға, жаппай жою қаруды жеткізе алатын баллистикалық зымырандардың таратпау мәселелерін шешудің тиімді жолдарын зерттеуге және ГТК мен БҰҰ арасындағы қарым-қатынастардың кеңейтуін жалғастыруға шақыруда.

Қ.Сарыбай Қазақстан халықаралық қауіпсіздіктің механизмдерін күшейтуіне үлесін қосуын және өңірлік пен жаһандық деңгейіндегі қарусыздану мен таратпау мақсаттарын жүзеге асыруына қолғабыс көрсетуін жалғастыратынын атап өтті.

БҰҰ мүше мемлекеттері Қазақстанның ГТК төрағасы ретінде белсенді және тиімді қызметтерін жоғары бағалады.

Осы күнге дейін Кодекске 138 мемлекеттер қосылды. Қазақстан ГТК-не 2005 жылғы шілде айында мүше болды.