Наурызға арналған Венадағы салтанатты концерт туралы

30 наурызда «Қазақстан інжулері – Ұлы Дала сарыны» жобасының шеңберінде Венадағы кеңінен танымал Концертхаус сахнасында Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің концерті өтті.

«Қазақстан інжулері» жобасының басты мақсаты - өзінің терең музыкалық дәстүрлерімен белгілі Аустрияда Қазақстан мәдениетінің түрлілігін насихаттау. Оны жүзеге асыруға Қазақстанның белгілі өнер қайраткерлері, сондай-ақ аустриялық музыкалық оқу орындарында оқитын жас қазақ дарындары қатысады.

Салтанатты іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшісі, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай өз сөзінде осы жылдың ақпан айында Қазақстан мен Аустрия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жыл толғанын, олардың бүгінгі күнде екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша жоғары деңгейде сипатталатынын атап өтті.

Аудитория назары жаңа жылдың басын, табиғаттың жаңаруын және көктемді белгілейтін Наурыз мейрамның ерекшеліктеріне аударылды.

«Ақжарма» фольклорлық ансамблді таныстыра келе, қазақстандық дипломат Маңғыстау облысының жоғары экономикалық әлеуетін, сондай-ақ өңірдің бай мәдени дәстүрлерін ерекше атап өтті.

Мерекелеуге қатысқандардың арасында Аустрияның Парламенті және СІМ өкілдері, Вена қаласында тіркелген дипломатиялық миссиялардың және Венада орналасқан халықаралық ұйымдардың басшылары, ҚР құрметті консулдары, Аустрия-Қазақстан қауымдастығының мүшелері, қазақ диаспорасының, аустриялық қоғамдық-саяси, іскерлер ортасының және БАҚ өкілдері болды.

Көрермендер қазақстандық өнерпаздардың шеберлігін жылы қабылдап әрі жоғары бағалап, оларға ұзақ қол шапалақтар мен гүлдерді сыйға тартты.