«Қазақстан Баллистикалық зымырандардың таралуына қарсы күрес бойынша Гаага тәртіп кодексінің төрағасы ретінде Азия елдері үшін өңірлік семинарды Алматыда өткізуде»

2016-2017 жылдарға Баллистикалық зымырандардың таралуына қарсы күрес бойынша Гаага тәртіп кодексінің (бұдан әрі - Гаага тәртіп кодексі немесе ГТК) төрағасы ретінде Қазақстанның бастамасы бойынша және Еуропа Одағының қолдауымен Францияның стратегиялық зерттеулер қорымен бірлесе отырып, 2017 жылғы 2 наурызда Алматыда азиялық елдер үшін өңірлік семинар ұйымдастырылды.

Қазақстанның Гаага тәртіп кодексінде төрағалығы еліміздің халықаралық қауіпсіздікті күшейтуге және Қазақстанның жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы сыртқы саяси бастамаларын жүзеге асыруына тағы бір үлесі болмақ. Осының бәрі Елбасының стратегиялық тәсілдеріне, соның ішінде жаһандық бастамасы - «Әлем. XXI ғасыр» Манифестінің мақсаттарына сәйкес келеді. Манифесттің ағылшын тіліндегі мәтіні қатысушыларға таратылды.

Семинарға 50-ге жуық кодекске мүше емес азиялық елдердің (Қытай, Пәкістан, Малайзия, Вьетнам, Бутан, Непал және басқа) өкілдері, сондай-ақ ГТК мүшелері қатысты. Құрметті қонақтар қатарында – ү.ж. маусымда Қазақстаннан ГТК төрағалығын қабылдайтын Польша СІМ Елшісі Марек Щигель, Еуропа Одағының өкілдері, Францияның Стратегиялық зерттеулер қорының президенті Хавьер Паско және ГТК хатшылық қызметтерін атқаратын Аустрияның сыртқы саяси ведомствосындағы Байланыс пунктінің меңгерушісі.

Гаага тәртіп кодексінің төрағасы - ҚР-ның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Сарыбай еліміздің осы маңызды лауазымда атқарылған жұмысы және төрағалықтың аяғына дейінгі қызметтеріміздің басымдықтары туралы мәлім етті.

Төраға ретінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-отырысының қарауына Қазақстан енгізген ГТК туралы қарардың қабылдануы осы жұмыстың маңызды нәтижесі болып табылды. Дауыс берудің нәтижесінде БҰҰ мүше мемлекеттердің дауыстардың басым көпшілігімен қабылданды. (166 дауыс).

2004 жылдан бері БҰҰ БА шеңберінде қабылдану  тарихында биылғы жылы қарарды мейлінше көп мемлекеттер қолдау көрсеткенін атап өткені жөн. Осы уақиғаның тағы да бір өзгешелігі - 77 мемлекеттер қарардың тең авторлары болды.

Қазақстан ГТК Төрағасы ретінде зымыран бағдарламалар тұрғыдан Қытай, Иран, Пәкістан, Индонезия, Бразилия, Мексика және Израиль сияқты маңызды мемлекеттермен бірқатар кеңессөздерді өткізді. Еліміз режимнің жанжақтылығына және мүшелігін кеңейтуге бағытталған жұмысты жүргізуі, баллистикалық зымырандарды ұшыру туралы алдын ала хабарландырулармен және ұлттық зымыран бағдарламалар туралы жыл сайынғы декларацияларды ұсыну арқылы мемлекеттер арасындағы сенімді арттыруда.

Семинарға қатысушылар осындай іс-шараны ұйымдастырғаны үшін өз ризашылықтарын білдіріп, Қазақстанмен Кодекстің қызметтеріне қосқан үлесін және еліміздің халықаралық алаңдарындағы белсенділігін жоғары бағалады. 

Гаага тәртіп кодексі – бұл зымыран саласындағы және 138 мүшесі бар адал ниетті тәртіптің жинағы. Кодекс баллистикалық зымырандардың бақылаусыз таратуды және оларды жаппай қырып жою қаруын жеткізу құралы ретінде қолдануды болдырмау бойынша шараларды қамтамасыз ету өз еркімен орындалатын міндеттемелерді қатысушы мемлекеттерге салады. 

ГТК төрт жыл ішіндегі жұмыс пен келіссөздерден кейін 2002 жылғы 25-26 қарашада Гаагада өткен Конференцияда өз жұмысын бастады. Кодекстің негізгі қызметі – жоспарланатын баллистикалық зымырандарды ұшыру, олардың орны мен бағыты туралы алдын ала хабарландырулармен және ұлттық зымыран бағдарламалар туралы жыл сайынғы декларацияларды ұсыну арқылы қатысушы мемлекеттер арасындағы ашықтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сенімді арттыру.

Қазақстан ГТК-не 2005 жылғы шілде айында мүше болды.