«Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының басшылығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған медальдармен марапатталды»

2017 жылғы 8 ақпанда ҚР Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігі – Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінде  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Бас директоры Юкия Амано және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының (ЯСЖТШҰ) Атқарушы хатшысы Лассина Зербо Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған медальдармен марапатталды. Аталған тұлғалар Қазақстан мен олар басқаратын халықаралық ұйымдар арасындағы қарым-қатынастардың нығайтуына үлесі үшін осындай марапатқа ие болды.

ҚР Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі – Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Қайрат Сарыбай еліміздің ядролық қаруды таратпау саласындағы жетістіктерімізді, ҚР мен АЭХА және ЯСЖТШҰ арасындағы ядролық қауіпсіздікті күшейту саласында ынтымақтастығын атап өтті. Медальдармен марапаттау рәсімінің қатысушылары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-отырысында ұсынылған және одан әрі «Әлем. ХХI ғасыр» Манифестінде жалғасын тапқан, сондай-ақ БҰҰ құжаты ретінде таратылған бастамаларына назар аударды.

Марапат иелері Қазақстан халқын еліміздің Тәуелсіздігінің 25-жылдығымен құтықтап, Президент Н.Назарбаевқа олардың қызметтерін бағалағаны үшін өз алғыстарын білдіріп, Қазақстанның халықаралық қауіпсіздіктің күшейтуіне, әсіресе ядролық таратпау мен қарусыздану процессіне үлесін жоғары бағалады.

Ю.Амано Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың басшылығында ядролық таратпау мен қарусыздану процессіне маңызды үлес қосқанын атап өтті. Агенттік Бас директоры еліміздің АЭХА Төмен байытылған уран банкісін ҚР-да құру бойынша бастаманы қолдағаны және Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі Бірлескен тегіс қамтитын іс-әрекеттер жоспарын жүзеге асыруына қосқан үлесі үшін терең ризашылығын білдірді. 

Л.Зербо ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ядролық қарусыздану процессіндегі және Семей сынақ полигонын жабу туралы шешімінің өзектілігін атап өтіп, кейін осы шешімнің Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартын қабылдауға негіз салғанын мәлім етті.

ЯСЖТШҰ Атқарушы хатшысы Қазақстан Ұйымның ең белсенді серіктестер арасында болғанын атап өтіп, еліміздің ЯСЖТШ 14-бабы бойынша Конференциясында тең төраға ретінде қызметін жоғары бағалады.

Медальдармен марапаттау рәсіміне шетел мемлекеттерінің елшілері, Аустрияның сыртқы саяси ведомствосының және Венадағы халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.