Қазақстанның Словениядағы Елшісі Қ.Сарыбайдың Словения бизнес элитасымен өткізген кездесуі туралы

 

2017 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Елшісі Қ.Сарыбай (резиденциясы Вена қаласында) 50-ден астам словен компанияларының басшылығымен кездесті. 

Іс-шараға түрлі салаларда көшбасшы болып табылатын «Lek», «Marand» (фармация), «Špica International», «Mikropis Holding» (IT технологилар), «Smart City» («жетік» технологиялар), «Seven Refractories» (құрылыс), «Zarja Elektronika», «Ibe» (электроэнергия), «Imobilia-GBK», «Sava Rogaška» (туристік бизнес), «Elan Inventa» (спорт тауарлары) сынды компаниялар қатысты.

 Аталған кездесу барысында қазақстандық дипломатиялық өкілдігінің жетекшісі словен бизнесінің «капитандарын» Қазақстанның саяси және экономикалық жетістіктері туралы, сондай-ақ қазақстан-словения қарым-қатынастарының даму динамикасы жөнінде хабардар етті.

 Елші Қ.Сарыбай ЭКСПО 2017 инфрақұрылымының негізінде жеңілдетілген салық режімі және тәуелсіз қаржылық сотымен британ құқығы қағидаттарына сәйкес «Астана» Халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейтінін жеткізді. Осы ретте, мемлекетте шетел инвесторлар үшін жасалынған инвестициялық жеңілдіктер жөнінде түсіндіріп, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ, Орталық Азия елдеріне, Қытай, Иран және т.б. мемлекеттерге жол ашатын ірі көліктік хаб екенін атап өтті.

 Қазақстан-словения ықпалдастығын түрлі салаларда, оның ішінде Словения Еуропада жетекші рөлге ие – фармация саласында бірлескен кәсіпорындарды ашу Қазақстанда арқылы дамыту мәселесі де талқыланды. 

Словения бизнес элитасының өкілдері словен компанияларының Қазақстанда жұмыс атқаруға мүдделілігін білдіре отырып, бұл бағыттағы іс-әрекет олардың Орталық Азия елдерінің нарығына шығуына мүмкіншілік беретінін мәлімдеді. 

Сонымен қатар, словен іскерлік топтары Қазақстан басшылығына қосарланған салық салуды болдырмау туралы Конвенциясы ратификациясының аяқталуына және словен азаматтарын ҚР визаларынан босату жөнінде қабылданған шешім үшін ризашылығын білдіріп, бұл ҚР және СР арасындағы экономикалық байланыстарға қосымша серпін беретінін жеткізді.